8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2019 1445 0
Қоғам

Меритократия қағидаты жүзеге асуда: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СӘТТІ ТӘЖІРИБЕСІ

Мемлекеттік қызметшілердің қызметі азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы тиіс. Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді мемлекеттік қызметшілердің корпусын қалыптастыру жөніндегі міндет басым және бұл мемлекет басшысының «Баршаның игілігі!  Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» сайлауалды бағдарламасынан туындайды.

Кез келген реформаларды іске асыруда шағын және тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқарады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу. Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі қазіргі заманғы жағдайларда тез және тиімді әрекет етуге қабілетті мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігін, кәсібилігін және патриотизмін арттыруға ықпал етеді.

         Қолданыстағы үлгі негізінде үміткерлер мемлекеттік қызметтегі өзінің кәсіби қызметін төменгі лауазымнан бастайды, ал олардың одан әрі ілгерілеуі тиісті саладағы еңбегі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, конкурстық және құзыреттері негізде жүзеге асырылады.  Мансаптық ілгерілеу жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстар арқылы және қысқа мерзімде жүзеге асады. Бұл конкурстарға төмен тұрған лауазымдарда жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілер қатысады. Ең алдымен іріктеу мемлекеттік органның өзінде жүргізіледі. Тиісті үміткерлер болмаған жағдайда конкурс біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

         Батыс Қазақстан облысында 644 конкурс өткізіліп, конкурсқа 658 үміткер қатысқан. Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша 367 үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындауға ұсынылды, оның ішінде 62,1% мемлекеттік қызметші ішкі конкурс бойынша жоғары тұрған лауазымға жоғарлады. 60 астам мемлекеттік қызметші басқарушы лауазымға тағайындалды, ол барлық басқарушы лауазымға тағайындалғандардың 79,7% құрады.

         Еңбек жолын төменгі тұрған лауазымнан бастап, қазіргі уақытта нақты басқарушы позицияларда қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің тәжірбиесін атап өтуге болады. Солардың бірі – Ержан Тұрмағамбетов мемлекеттік қызметке Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына орналасып, аппараттың бөлім басшысы, аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарып, казіргі уақытта әкім лауазымында ауданды басқарып отыр, Әлібек Антазиев өз еңбек жолын бас маманнан бастап, облыстық басқарманың бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымында жалғастырып, қазіргі таңда құрылыс басқарма басшысы болып қызметін атқаруда.

         Көпшілік жас мемлекеттік қызметшілерге Мусин Беймбеттің еңбек жолы үлгі бола алады, өзінің мемлекеттік қызметтегі жұмысын бас маман лауазымынан бастап, «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуды аяқтаған соң, конкурстық іріктеу арқылы бөлім басшысы лауазымына тағайындалған, қазіргі уақытта энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызметін атқаруда.

         Қолданыстағы  заңнамалармен кандидаттардың біліктілігін, құзыретін, қабілетін, еңбегін объективті бағалау үшін жағдай жасалған.

Конкурстық процедуралардың ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуде әңгімелесуге міндетті түрде техникалық жазба құралдардын қолдану мен әңгімелесуге қоғам өкілдерінен қатарынан байқаушылар шақырылатыны, сонымен қатар, әңгімелесу барысында үміткерлерге қосымша техникалық жазба құралдарын қолдану құқығы беріледі.

Венера Масимова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік басқарма басшысы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
185 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
232 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
513 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
524 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
651 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
952 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1043 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1071 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1282 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1550 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1777 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1817 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1964 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2161 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2384 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»