БАТЫР АНАЛАРДЫҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ СМС-ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Көп балалы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген аналарға тиісті жәрдемақы проактив тәсілімен тағайындалатын болды. «Азаматтарға арналған үкімет» жаңа пилоттық жоба аясында 6-7 баласы бар әйелдерге еш құжатсыз-ақ керекті төлемдерді аударатын болады.

Ең алғашқылардың бірі болып, «Күміс алқа» иеленуіне байланысты тиісті жәрдемақының тағайындалғаны туралы смс-ті Умида Ахунжанова алды. Тараз қаласында тұратын алты баланың анасы келген смс-терге оң жауап беріп, біршама уақытын үнемдегенін айтады. «Мұндай дүниенің іске қосылғанына таңмын. Бұл болмағанда, кішкентай балаларымды тастап, құжаттарды өткізіп жүретін едім. Бұл менің қаншама алтын уақытымды үнемдеді. Себебі мен үшін бөбектеріммен өткізген әр сағатым қымбат», – дейді ең алғашқы проактив тәсілімен жәрдемақы алған көп балалы Умида Ахунжанова.
Жоба аясында Умиданың телефонына ең алдымен жәрдемақы алуға құқылысыз деген хабарлама келген, кейін жәрдемақы аударылуы тиіс есеп-шоттың нөмірі жолданған. Олардың дұрыстығына келісімін берген батыр анаға ең соңында жәрдемақының тағайындалғаны туралы смс келген. Айта кетейік, қызметті алу үшін ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.
Көп балалы аналар награданы алу үшін жергілікті әкімдікке өтініш жазып, кейін оның тағайындалғаны туралы құжатты халыққа қызмет көрсету орталығына өткізетін. Бұдан бұлай ХҚО-ға барудың қажеті болмайды, қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады.
«Проактив – қазақстандықтардың құжаттарды ешқайда өткізбей-ақ, мемлекеттік қызметтерді алуына мүмкіндік беретін жоба. Бүгінде жас аналарымыз проактив аясында келетін смс-терге жауап беріп, баланың туу куәлігін жасатып, оның күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеп, балабақша кезегіне тұрып, сәбиді мекенжай тіркеуіне қоя алады. Сондай-ақ осы проактивті түрде зейнеткерлікке шығу, мүгедектікті рәсімдеу қызметтері алдағы уақытта іске қосылады. Біз азаматтарымыздың өмірін жеңілдетіп, артық қағазбастылықтан арылтамыз. Бұл – мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматқа ауыстырудағы бірқатар бастамамыздың бірі», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу