8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2019 2804 0
Қоғам

«АҚ ШАҒАЛА» ЖЕТПІС БЕСТЕ

         Қазақ поэзиясының  көрнекті  өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық  «Алаш» әдебиет  сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева мерейлі 75 жасқа толып отыр. 

Тәңір топырақтан  сыйлаған ақындық  талантымен ел-жұртына жастай танылып, нәзік  лирикалық өлеңдерімен, қоғамда азаматтық үнімен  жыр сүйер қауымның назарына іліккен Ақұштап Бақтыгереева   оқырманды адамгершілікке, Отанды сүюге, халқымыздың қасиеттерін  қастерлеуге  жетелеп  келеді.

Сөз өнері  арқылы оқырманға ләззат сыйлаған  Ақұштап апамыз поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы ерекше  қазақтың бетке ұстар ақындарының бірі әрі бірегейі.  «Ақ Жайықтың  –  Ақ Шағаласы»  халқына бірнеше өлең кітаптарын, эссе-мақалаларын  сыйлап  қоймай,  асыл ана, ардақты әже атанды.  Бүгінде отағасы, танымал азамат Ғабдырахым Маралұлы екеуі шаңырағын  бақыт  құсына  толтырып, жапырақтарын жайқалтып, жастарға, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуда. Алғашқы жыр жинағы сонау студент кезінде  «Наз» деген атпен танылса, содан бері  Ақ Жайығын, туған елін жырлап, ұшқыр қаламын тербетумен келе жатқан Ақұштап Бақтыгереева:   – Мың ғасыр бұрын Қыз Жібек пен Төлеген өткен Жайық о баста Ұлысу деп аталды деп айтады тарих. Бүгін біз жас ұрпақ тарихқа көбірек үңіліп, ойлануымыз керек. Өтіп жатқан Жайық бұл ұлттың анасы, асыраушысы. Содан болар мен Жайықты тынбай жырладым. Жайық жайлы көп айттым.

«Сен Жайыққа айт, ерке қыз келеді де,

Өлең жазып ақ көйлек желегіне.

Сағынышы басылмай жүр дегейсің.

Құлаш ұрып қайтпаса тереңіне» дейді. Осы  сөзінің  дәлеліндей, Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдық тойы биыл туған жері Теректі ауданынан бастау алды. Облыстық  мәдениет  басқармасының арнайы ұйымдастыруымен қолға алынған бұл ауқымды шара Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы онлайн көпір арқылы жалғанып отырды. Әдеби-мәдени кеш, кітап көрмесі, Ақұштап оқулары өтіп, туған жері Ақжайық мектебінде ақын сыныбы ашылып, өнер сапары Ақжайықтағы елеулі шаралармен ұштасты.

Әсіресе, Теректі ауданында І облыстық «Ақұштап оқулары» байқауы оздырылса, Ақжол ауылында «Ақ шағала» қыз-келіншектердің сырласу клубы ашылып, клуб мүшелеріне ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы мүшелік куәлігін табыстап, «Ақ шағаланың» әлеуметтік желілерде жеке парақшасы ашылып, өз жұмысын бастады. Ал «Ақұштап әлемі» атанған Н.Майданов атындағы саябақта өткен шара маңыздылығымен ерекшеленді. «Ақындар аудиториясы» алаңында жас ақындар Ақұштап өлеңдерінен сыр шертіп, ақ батасын алса, Ақұштап есімді қыздармен жүздесудің де сәті түсті. Айтулы шара аудан орталығында «Ақ Жайық, Ақ ана, Ақ шағала, Ақұштап» әдеби-сазды кеші мен тұңғыш рет І-ші «Ақұштап оқулары» облыстық көркемсөз оқу байқауымен түйінделді. Ақын апаларының ізін қуып, қаламды жанына серік еткен және барлық ауданнан келген 80-ге жуық жас талант бақ сынады.

Ақын құрметіне арналған игі-шараның жалғасы Ілбішін, Жалпақтал ауылында «Жалын» коворкинг орталығының ашылу салтанатымен және Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Бөкей ордасы, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау ауданындағы шаралармен ұштасты. Мерейтой иесіне Алматыдан арнайы келген Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Есенғали Раушанов,  облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев сапарлас болды. Аудан әкімдері ақынын құрметпен қарсы алып, шапан жауып, халқының атынан алғысын білдірді.

Ақынның жан сарайынан жыр ақтарылып, әр оқырманның санасына ұялаған тартымды тағылым мен мазмұнды ғибрат көрерменін толқытты. Ел қамын ойлаған ақынмен сырласып, ақылын тыңдап, өнегесін санаға сіңірді. Санаға нәр, ұрпаққа бағыт-бағдар боларлық көптеген дәйектер айтылды. М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттері Ақұштап Бақтыгерейқызымен жүздесіп, ақын өрелі өлеңдерімен ұл-қыздарға өнегелі сөз айтып, тәлімді ойларымен бөлісіп, бүгінгі жастардың болашағының нұрлы болуына сенім білдірді.

Бұйыртса, осы қыркүйек айында БҚО облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Х.Бөкеева атындағы  облыстық қазақ драма театрында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның  шығармашылық кеші ұйымдастырылып,  одан әрі туған жері Теректі ауданында республикалық деңгейдегі шаралар жазба ақындар арасында «Ғаламат жыр тудырар ақын бейне» әдеби онлайн республикалық жыр байқауымен қорытындыланады деп  күтілуде.

Өз тілшіміз

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
46 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
206 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
518 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
610 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
855 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1121 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1348 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1386 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1537 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1736 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1962 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2049 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2161 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2165 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»