ЖОЛ АПАТЫ ӨМІРІН ҚИДЫ
Бүгін Оралдағы Мұхит пен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында №6 қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысып, соның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға облыстық көпбейінді аурухана маңында болған.
Куәгерлердің сөзінше, нақ осы бұрылыста жол көлік оқиғасы жиі тіркеледі-мыс. Жылдамдықты асырған ВАЗ 2107 көлігі қоғамдық көлікке жол бермей аялдамада тұрған бірнеше адамды соққан. Оқиға орнына жедел жеткен жедел жәрдем көлігі зардап шегушілерді лезде ауруханаға алып кетті. Өкінішке орай, 1957 жылғы азамат алған жарақатының ауырлығы салдарынан аурухана төсегінде көз жұмған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдем қызметіне 10:57-де қоңырау түскен. Барлық жәбірленушілерге амбулаторяилық ем шара жүргізілген. – Ал, 62 жасар азамат ауруханада жарты сағаттан соң бас ми бөлігінің ашық жарақатынан қайтыс болды. Марқұм қатты соққыдан көп қан жоғалтқан. Емдеу мекемесіне келген сәтте оның жағдайы өте ауыр болды , – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Айнагүл Сақпосынова.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу