8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Тамыз 2019 2552 0
Қоғам

ҮЗДІК АУДАРМАШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

20 тамыз  күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Үздік аудармашы» атты аудармашылардың облыстық байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандарынан  және Орал қаласы бойынша 14 адам қатысты.

«Үздік  аудармашы»  байқауы  әлеуметтік  жобасының  маңыздылығы  Қазақстан Республикасының  тіл  саясатын  жүзеге  асыру,  тілді  меңгеруге  деген  қызығушылықты ынталандыру,  бәсекеге  қабілетті,  мемлекеттік тіл және ресми тілді меңгерген  үздік  аудармашыларды  анықтау, аударма саласында тіл мәдениетін жетілдіруді насихаттау бағытында өтті.

Қатысушылар Ресми  құжаттарды  аудару, Публицистика немесе көркем аударма, Ілеспе аударма, Жаңа  терминдер  әлемі сынды төрт түрлі  шарт бойынша оздырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Гүлнұр Исмағұлова,   екінші орынды БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Игілік Мырзахмет, үшінші орынды Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Айнагүл Сахипова және Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Лаззат Сыикова иеленіп, бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

            Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»