8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Тамыз 2018 2119 0
Қалалықтар қаперіне

7-20-25: БҚО-да 15 адам несие алды

Батыс Қазақстан облысында «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша 15 ипотекалық кредит берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Сергей Родин мәлім етті.

Бүгінде «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»
ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы белсенді іске асырылуда. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ мәліметі бойынша елімізде екінші дейңгейлі бес банк – «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Еуразиялық  банк» АҚ, «Bank RBK» Банкі» АҚ ипотекалық займ береді. Тағы үш банк бағдарлама бойынша кредит беруге қатысу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіуде.

Бағдарлама іске қосылғалы жеке тұлғалардан бағдарлама бойынша займ алу үшін 1586 өтінім қабылданды, соның ішінде жалпы сомасы 11,9 млрд. теңгеге 1026 өтінім мақұлданған. Ал біздің облыста екінші деңгейдегі банк филиалдары 56 өтінім қабылдап, соның ішінде 273,5 млн. теңге сомасына 36-сын мақұлдаған. Бүгінгі күнге солардың 15-іне ипотекалық кредит берілген.

Айта кету керек, жеке тұлға бағдарлама бойынша қарыз алуға арнайы талаптар бар. Біріншіден, банктің қалауы бойынша құжаттар тапсырады. Олар – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айдағы үзінді – көшірмесі, жұмыс орнынан соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтама, қарыз алушы – жеке тұлғаның соңғы салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша салық декларациясы, банктің ішкі құжаттарына сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің болуын көрсететін өзге де құжаттармен расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісі.

Екіншіден, бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге де ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы маңызды.

Үшіншіден, жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын, апат жағдайындағы, құлау қаупі төнген тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын аталған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы ескеріледі.

Займның нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үй сатып алу болып табылады. Пайдаланылған тұрғын үй нарығында баспана алуға бағдарлама мүмкіндік бермейді. Ипотекалық тұрғын үй қарызы тек қана теңгемен беріледі. Батыс Қазақстан облысында сатып алынатын баспананың ең жоғарғы бағасы 15 миллион теңгеден аспайды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
82 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
74 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»