8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2017 2023 0
Мәслихат жаршысы

«ХАЛЫҚ ӘДІЛ БАҒАЛАЙДЫ»

Тұрарбек Тілемісов, Орал қалалық мәслихатының депутаты: 
«халық әділ бағалайды»

№42  20.10.2016
Орал қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымынан сайланған депутаты, «ОралТранс» ЖШС директоры Тұрарбек Тілемісовті №14 округ тұрғындары жақсы көреді. Өйткені халық қалаулысы осыдан жеті ай бұрын сайлаушыларына берген уәдесінде тұрды. Оның жұмысы халықтың көз алдында, үнемі жұртшылықтың назарында. Бұған біз депутаттың меншігіне қарасты округті аралау барысында куә болдық.

Халқымның алдында міндетім биік
Халық қалаулысы аз уақыт ішінде округінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарды. Желаев тұрғындары ауылда балалар ойнайтын алаңқайдың, спорт алаңының жоқтығын, ауыл ішіндегі ескі зиратты қоршау керегін, темір жолды кесіп өтетін өтпе жолдың балалардың мектепке қатынауына қиындық келтіретінін жергілікті билік өкілдері мен депутаттар алдында талай мәрте көтеріп едім. Енді, міне, депутаттың өз қаражаты есебінен ауылдың қақ ортасынан ашылған балалар алаңқайының балғындардың шат күлкісімен шырайы кірген. Сондай-ақ ауыл ішіндегі ескі зират сым темірмен қоршалған. Ал балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауылдың шетінен жаңа спорт алаңын салу жоспарға енгізілген. Депутаттың округіндегі Ремзауыт ауданына қарасты  жергілікті тұрғындар «Шанхай» атап кеткен аудандағы қоқыс мәселесі талай мәрте айтылып та, жазылып та жүрген болатын. Округ тұрғындары балалардың сабаққа тау-төбе болып шоғырланған қоқысты кесіп өтіп, қатынап жүргенін айтып депутаттан тікелей көмек сұрап келген. Тұрарбек Тілемісұлы дереу мекемесіндегі барлық техниканы жұмылдырып, өзі тұрғындармен бірге қолына күрегін алып іске кірісті.  Нәтижесінде, он «КамАЗ»  қоқыс далаға шығарылып, аталмыш аудан мұнтаздай жарқырап шыға келді  (суретте). Жұртшылықты сенбілікке бастап шыққан аудан тұрғыны Надежда Отарова қазір аталмыш аумақ тазалығын күнделікті бақылауға алған.  – Бұрын «Шанхайда» тұрамыз десек, бәрі қоқысын сөз ететін. Міне, депутатымыз алдымен осы мәселені қолға алып, тазалық орнатты. Ендігәрі әр тұрғынның тазалықты сақтағанын қалаймын. Сол себепті лас қалдықтарын бей-берекетсіз лақтыра салуларына жол бермеймін, – дейді тазалықты сүйетін Надежда. Сол секілді Желаев селолық округіне балабақша салу мәселесін халық қалаулысы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия, сессия отырыстарында көтеріп жүр, бірақ әзірге бала санының аздығы бұл мәселенің оң жақты шешілуіне кедергі келтіруде. Күні бүгінде депутаттың тікелей атсалысуымен ауылдағы көше жолдары жөнделуде, ал Агрегатный көшесіндегі аяқсыз қалған 200 метрлік жолды толықтай қалыпқа келтіруді Тұрарбек Тілемісұлы өз мойнына алып отыр. Бұдан өзге округтегі ардагерлер мен аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар депутаттың назарынан тыс қалған емес.
– Жалпы депутат болып сайланғаныма бір жылға таяп қалды. Ешкім депутат болып тумайды ғой. Қалыптасады, үйренеді, тәжірибе жинайды. Мұндағы мақсатым – жылт етіп көзге түсу, арзан абырой жинау, не болмаса пиар жасау емес. Қалың бұқараға жан-тәніммен көмектесу, көпті толғандырған мәселелердің шешілуіне барынша ықпал ету. Шаһарымыз күннен-күнге көркейіп келеді. Дегенмен, әлеуметтік мәселелер жетерлік. Халықтың осынау мұң-мұқтажына атқарушы органдардың  назарын аудару, күрмеуі күрделі түйіндердің тарқатылуына септесу – біздің негізгі міндетіміз деп білемін. Маған сеніп, депутат етіп сайлаған халқымның алдында міндетім биік, ұстанымым бөлек. Сондықтан байқампаз, сыншы халық қана әділ бағаны береді, – дейді жақсы істердің жаршысы бола білген Тұрарбек Тілемісұлы.

Қаржы саласының «майын» шаққан
Біраз жылдар бұрынғы Жалпақтал ауданының қаржы саласының «майын» шағып, өз ісінің шынайы шебері атанған азамат бүгінде жеке бизнесін ашып, өңірдің экономикасының өрлеуіне сүбелі үлес қосып келеді.
1972 жылдың қараша айында Қазталов (Фурманов) ауданы Жалпақтал ауылында дүниеге келген кейіпкеріміз 1989 жылы №24 Фурманов орта мектебін бітіріпті. Сол жылы жаз айында аттестатын қолына ұстап, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының экономика факультетінен бір-ақ шыққан.  – 7 сыныпта жүргенімде әкем Тілемістен айырылып қалдық. Бұл отбасындағы шиеттей үш ұл, екі қыз үшін өмірдің алғашқы үлкен соққысы болды. Әкем аудандық ішкі істер саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Ол кезде қарындасым Лариса не бары үшінші сыныпта оқитын. Әлі есімде, он жылдықты бітірген соң жалғыз өзім қалаға келдім. Қалтамда анамның салған 100 сом ақшасы. Ешкімді танымаймын. Қиын кезең болатын. Ауылдағы сыныптастарымның ішінен өзім ғана оқуға түсіппін. Ағаларыма оқуға түстім десем сенбейді. Сөйтіп, бір айдан соң оқуға шақырту қағазы келгенде бәрі қуанды. Кейін студент атанғанымда анам Ақлима көз жұмды, – деп Тұрарбек Тілемісұлы бозбала шағын еске алады. Бұғанасы қатпаған кішкене кезінен-ақ ерінбей еңбек етуге ұмтылып, қай жұмысты да тындырымды атқаруға тырысқан ауылдың қара домалақ баласы он екі жасынан-ақ ауылда аптап ыстықта шөп басында жан аямай еңбек етіп, терін төккен. Қысқасы, өмірдің өзі шынықтырып, нағыз еңбекқор, табанды, төзімді етіп қалыптастырады.  – Сол кезде ауылдағы экономистер адал еңбекпен тапқан нәпақамды кесіп тастайтын. Сонда өскен соң қалай да экономист болам деп өзіме серт бердім. Осылайша, мамандық таңдауымның да өз сыры болды, – дейді ол. Университет қабырғасында жүргеннен-ақ қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылған белсенді жас күрес, шахмат десе ішкен асын жерге қоятын. Әйтсе де ата-анасынан ерте айырылған соң өзін-өзі қаржыландыруға бейімделіп, сабақтан тыс уақытта жұмыс істеуге тура келді. Саудамен айналысты. Жас Тұрарбектің бұл батылдығы, тіпті батырлығы еді. Сөйтіп, дипломымен туған ауылына оралған жас маман аудандық қаржы бөліміне аға экономист, кейін Жалпақтал «Агроремснаб» АҚ-та бас есепші жұмыстарын абыроймен атқарады. 1999-2003 жылдары «Абылай» шаруа қожалығын құрып, жеке кәсібін ашады. 2003 жылы «Қазқұрылыссервис» ОФ ЖАҚ директорының орынбасары, кейін директоры қызметтерін атқарады. 2005 жылы «ОралТранс» ЖШС директоры атанады.  2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін  «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдайды.
– Бүгінде өзім басшылық ететін «ОралТранс»  серіктестігі азаматтық құрылыс жұмыстарымен айналысады. Қаладағы көптеген құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, қажетті құрылыс заттарын тасып беру біздің жауапкершілігімізде. Қазір бұған қоса «ДамуӨндіріс» мемлекеттік бағдарламасы аясында асфальт зауытын алдық. Қаладағы жол салып жатқан мекемелерді асфальтпен қамтамасыз етеміз. Кадр әлеуеті тұрақты, көбісі байырғы қызметкерлер, – дейді Тұрарбек Тілемісұлы.
Отбасында о бастан әкенің қатаң тәртібінен үлкен сабақ алған орнықты жанның халықтың қалаулысына айналуы тегін емес. Тұрарбек Тілемісұлының жұмысымен жақынырақ танысу барысында оның әскери адамға тән қаталдау мінезін, тәртіпті, реттілікті, тиянақтылықты сүйетінін, өзінен де, өзгеден де осыны талап ететінін байқадық. Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған кейіпкеріміз балаларының да болашақта еліне адал қызмет еткенін қалайды. Бүгінде Темірланы мен Әйгерімі Алматы қаласындағы КИМЭП университетінде бизнес басқару мамандығы бойынша білім алуда. Абылайханы да осы оқу орнында ядролық физика мамандығын меңгеруде. Кенжесі Аружан қаладағы №34 орта мектепте оқиды. Бізбен тілдесіп отырған сәтте 8-ші республикалық олимпиадада ядролық физикадан екінші орынды жеңіп алған ұлынан қуанышты хабар жетіп, әке көңілі бір марқайып қалды.
Халықтың қоғамдағы талабы мен тілегі, мүддесі мәслихатқа депутат арқылы жетеді. Шын мәнінде, депутаттың жұмысында қиындық көп. Ал, халықтың сенімі деген – үлкен жауапкершілік. Осы орайда Елбасы Жолдауындағы алға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, сайлаушыларының сенім үдесінен шығуға тырысқан Тұрарбек елі үшін көп жақсылық істеуге дайын.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,
kausar_1980@mail.ru

Зұлқожа ШАРАФУТДИНОВ, Желаев мектептен тыс жұмыс орталығының директоры:
– Желаев селолық округі қалаға жақын орналасқан. 2300-дей халық тұрады. Қазір мектептен тыс жұмыс орталығында 900-дей бала бос уақытын тиімді өткізуде. Жергілікті әкімдік пен қатар округ депутаты Тұрарбек Тілемісов үнемі бізге қолдау білдіріп отырады. Халық қалаулысымен кездесу барысында ұжым болып бүлдіршіндерге ойын алаңы керегін алға тартқанбыз. Биыл депутат өз қаражатына орталық жанынан жаңа алаңқай  орнатты. Ата-аналар дән риза. Оның азаматтығы, қазақылығы, ұлттық дәстүрімізге деген құрметі өте ұнайды. Таяу-да қайырымдылық айлығы  шеңберінде ауыл қарияларының басын қосып, құрмет көрсетті. Әр сенбілікте өзі бас болып жүреді. Депутатымызға ризамыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
63 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
128 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
294 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
487 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
730 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
808 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
915 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
923 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
945 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
961 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1064 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1284 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1600 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1482 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1592 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1582 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1714 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1757 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1704 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1714 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»