177 ПӘТЕРГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Орал қаласы әкімдігі мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтардан құрылысы басталған үйге өтініштерді қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша – жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрғандар үшін баспананы сатып алу құқығымен жалға алу бойынша қарастырылады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағының 1-1 ), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда, көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; 1 және 2 топтағы мүгедектер, мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi) көзделген адамдардың санаты бойынша азаматтардан 2018 жылғы 19-26 қараша аралығында құрылысы басталған үйге құжаттар қабылданады. Мекенжайы: Орал қаласы, Зашаған кенті, «Арман» шағынауданы, М.Мөңкеұлы көшесі, 108/5 үй. (3-бөлмелі 33 пәтер, болжамды пәтердің алаңы: 76,29 ш.м.83,82 ш.м. дейін), (2-бөлмелі 72 пәтер, болжамды пәтердің алаңы: 62,1 ш.м.65,88 ш.м. дейін), (1-бөлмелі 72 пәтер, болжамды пәтердің алаңы: 40,04 ш.м.,44,11 ш.м. дейін).
Барлығы 177 пәтерге құжат қабылданады.
Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:
1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларының (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;
2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар.
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат.
2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;.
3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама.
4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы.
5) өтініш берушінің (мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi -санаты үшін) жұмыс орнынан анықтамасы.
6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама.
7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама.
9) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.
Ескертпе: Қазіргі таңда, үміткерлерден өтініштер мен құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады. Сондықтан, азаматтарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментіне барып, барлық кәмелетке толған отбасы мүшелеріне ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаны) алу қажет.
Тұрғын үйді сату жөніндегі өкілетті орган: Орал қаласының ТҮКШжТҮИБ (тұрғын үй және жекешелендіру секторы, Некрасов көшесі, 30/1-үй, 6-бөлме).
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу