8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 3457 0
Қоғам

15 қараша – қаржыгерлер күні

Система Пользователи Меню Материалы Компоненты Расширения Справка газета ЖАЙЫҚ Ү… газета ЖАЙЫҚ ҮНИ Менеджер материалов: Изменить материал Сохранить Сохранить и закрыть Сохранить и создать Сохранить копию Версии Закрыть Справка Заголовок * 15 қараша – қаржыгерлер күні Алиас 11025 Материал Публикация Изображения и ссылки Связи Отображение Параметры редактирования Права доступа

Коммуналдық мүлікті басқаруға жауапты бөлім
Облыстық қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті басқару бөлімінде бес мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүріп жатқан тұста бұл бөлімге жүктелер жауапкершілік мол.

Облыстық қаржы басқармасындағы жұмыс екі бағытта жүреді: жергілікті бюджеттің атқарылуын және орындалуын жүзеге асыру, мемлекеттік мүлікті басқару.
Екінші бағыт бойынша жұмыстанатын бөлімнің біріне бас сұғып, мұндағы қызмет барысымен таныстық. Аталмыш бөлімді басқаратын Жеңіс Нығметуллиннің айтуынша, мұндағы жұмыстар негізінен мемлекеттік мүлікті жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға беруге бағытталған.

–Мемлекеттік мүлікті пайдаланудың үш негізгі түрі бар. Олар: мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға, өтеусіз пайдалануға және мүліктік жалдауға беру. Біздің бөлімнің тағы да бір міндеті – мемлекеттік мүлікті жекешелендіруді, яғни сатуды жүзеге асыру. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың арасында қайта бөлу, бірінің теңгерімінен екіншісіне беру ісі де – біздің құзырымызда, – деді Жеңіс Махамбетұлы.

Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және мүліктік жалдауға беру қызметі нәтижесінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі толықтырылады. Мемлекеттік мүліктің сату бағасының және жалгерлік ақылардың мемлекеттік бюджетке уақтылы әрі толық түсуі ­­– әркез бақылауда.
Елімізде жекешелендірудің екінші толқыны және мүлікті жариялау акциялары жүріп жатқаны белгілі. Қаржы басқармасының осы бөлімі қос науқанды өткізуші болып табылады. – Үкіметпен және жергілікті облыс әкімдігімен бекітіліп, саудаға қойылған объектілер біздің бөлім арқылы мемлекеттік мүліктің веб-порталы арқылы сатылады.– Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер немесе акционерлік қоғамдар, мемлекетке қажеттілігі жоқ тозған мүліктер сатылады. Сату барысында түскен қаражаттың уақтылы түсуін бақылауда ұстаймыз, – деген бөлімнің бас маманы Татьяна Кушакова облыс қазынасын нысанды жалға беру арқылы да толықтыруға өз үлестерін қосатынын жеткізді.
Коммуналдық мүлікті басқару бөлімінде Руслан Оспанов, Сарбиназ Сәрсенғалиева, Татьяна Кушакова, Мәриям Тәжібаева сынды тәжірибелі мамандар қызмет етеді.Ағымдағы заңнама нормалары мен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес қызмет ететін олар саланың дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Басқармада соңғы үш жылда қызметкерлердің жартысына жуығы жас мамандармен ауысыпты. Ал бұл бөлімде бұрынғы тәжірибелі кадрлар сақталып қалған. Сондықтан мұндағы әр адам өз ісін жетік біледі.

Биыл төрт мекеме сатылған
Аталмыш бөлімнің берген мәліметіне сүйенсек, 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес Батыс Қазақстанның коммуналдық меншігі бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын 12 нысаннан тұратын тізім бекітілген. Биылтөрт нысан жекешелендіруге жатқызылған. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен«Батысагросервис» ЖШСбәсекелес ортаға берілген. Ал «Тұрғын үй Уральск» МКҚК мен«Орал Таза сервис» ЖШС-нысату ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.Оған қоса 2017 жылы– бір, 2078 жылы – бір, 2019 жылы – үш, 2020 жылы үш нысанды сату көзделген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен квазимемлекеттік субъектілер мен әрекет етуші мекемелердің қызметіне жүргізілген қосымша талдау нәтижесінде жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде бәсекелестік ортаға берілуге жататын объектілер тізілімі 2017 жылы толықтырылады.

Ал еліміздің «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталған мүлікті жариялау науқаныбасталғаннан бері жалпы сомасы 2,366,0 млн. теңгеге 364 объект жарияланған. Мүлікті жариялау комиссияларына акция жөніндегі сауалдарымен бес мыңнан астам азамат жүгініпті. Бұдан басқа екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ арқылы 69 жеке тұлға 3 624,7 млн.теңге қаражатын жариялаған.
Ілгерілеушілік басым­

– Қаржы саласындағы ілгерілеушілік ауыз толтырып айтарлықтай. Осыдан он жыл бұрынғы облыстың бюджеті мен бүгінгі өңір қазынасының арасы жер мен көктей. Ол кезде қаражат аз болса, қазір бірнеше есе өсті. Ақша көбейген сайын оны тиімді әрі үнемді басқару жауапкершілігі күшейеді, – деді бөлім басшысы Ж.Нығметуллин.

ҚР-ның әр түрлі халықаралық шарттарға, ұйымдарға қатысуы елдің қаржы жүйесінің халықаралық қаржы жүйесімен интеграциялануына әкеледі. Қаржылық есептеудің халықаралық жүйесі де елімізде біртіндеп енгізілуде. Облыстық қаржы басқармасы осы жүйенің енгізілуіне, мекемелер арасында іске асуына ықпал етуші орган болып табылады. Бүгінде қаржыға қатысты операциялар қағаз түрінен электронды нұсқаға көшірілген. Күні бүгін қаржылық есептілік, жалпы қаржыны тиімді басқару саласында алға басушылық айтарлықтай үлкен дәрежеде байқалады.
Білікті маман

Коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Ж.Нығметуллин жоғары оқу орнын бітірісімен 2006 жылы қаржы басқармасына жұмысқа орналасыпты. Іскерлігімен көзге түскен ол бөлім басшысы лауазымына 2010 жылы тағайындалған.Заңгер маман бұл бөлімнің қызметі осы мамандықты көбірек қажет ететінін жеткізді. Дейтұрғанмен, қаржы саласында жүргеннен кейін қосымша қаржыгер мамандығын оқып алған.– ­­­­­­ Қай мамандықтың да артықтығы болмайды. Үлкен қаржылық құжаттармен жұмыс жасамағанмен де, түсімдердіңтиісті бюджеттік сынаптамаға түсуін бақылау, бюджеттік өтінімдер жасақтау, квазимемлекеттік субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау сынды мәселелерді зерделеген кезде қаржылық сауаттылық қажет, – дейді кейіпкеріміз.

Бөлім басшысы туралы әріптестері де жақсы пікірде. – Басқармада, бұған дейін аудандық деңгейде жұмыс жасап жүрген кезде де Жеңіс Махамбетұлынан коммуналдық салаға байланысты мәселелер бойынша кеңес алып тұрдық. Ол қолдан келген көмегін аямайтын, өз ісіне жауапты, білгір маман, – деді құқықтық жұмыс және персоналды басқару бөлімінің басшысы Медет Айдынғалиев.

Басқарманың коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің жұмысын лайықты ұйымдастырып отырған білікті маманды биыл облыс әкімі А.Көлгінов «Үздік мемлекеттік қызметші» ретінде марапаттаған. Осының өзі ­– бөлім басшысының жұмысына берілген жоғары баға. Жеңіс Махамбетұлы осындай дәрежеге жетуіне басқарма ұжымының көп көмегі тигенін жасырмады. Өзіне бұл саланың қыр-сырын үйреткен Асқар Шәңгерейұлы,Бақытжамал Ғафуетқызы, Ботагөз Бейімбетқызы, Ақылбек Теміржанұлы сынды алдыңғы буын әріптестерін құрмет тұтады.

Кейіпкеріміз мемлекеттік қызметтен қолы қалт еткенде уақытын тиімді пайдалануға тырысады. Уақытын отбасына арнап, қос ұлының тәрбиесіне атсалысады. Сонымен қатар кітап оқуды ермек ететін Жеңіс қазақ әдебиетінің Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов сынды таңдаулы қаламгерлерін сүйіп оқиды. Қазіргі уақытта американдық бизнесмен Питер Тильдің «От нуля к единице», саясаттанушы Джордж Фридманның «Горячие точки мира»атты еңбектерін оқуда. Ғаламтор жаулаған заманда үйдегі бүлдіршіндерге кітап оқып берумен әжесі Лена айналысады екен. ­– Анам мен әкем ұстаздық салада жемісті еңбек етті. Өзім қаржы саласында жүрсем де, балаларым техникалық салаға бет бұрса деген арманым бар, ­– деді ұлдарының болашағына алаңдайтын әке. Сондай-ақ Жеңіс Махамбетұлы ­– әлеуметтік желіні белсенді қолданушылардың бірі.

Мол жауапкершілік жүктеледі
– Мемлекеттік қызметкерге берілетін тапсырманың артында түрлі тағдырлар тұр. Сондықтан әрбір өтінішке немқұрайлы қарамай, заңға сәйкес нақты жауап береміз. Мемлекеттік қызметшіге үлкен жауапкершілік жүктелетінін күнделікті жұмыс барысында сезінеміз, ­– дейді бөлім басшысы Ж.Нығметуллин.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің білім-біліктілігін жетілдіріп отыруы басқармада оң шешілген. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес олар өз лауазымынан жоғары орынға тағайындалған, мемлекеттік қызметке жаңадан орналасқан кезде кәсіби біліктілік, қайта даярлау курстарына жіберіледі. Сонымен қатар мемлекеттік басқару академиясы жанындағы қашықтықтан оқытукурсынан білім алады. Тәжірибе жүзінде көршілес облыстармен басқарма басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары деңгейінде тәжірибе алмасып отырады. Сондай-ақ мемлекеттік мүлікке, бюджетке қатысты конференциялардың да берері мол.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,
amir_2000kz@mail.ru

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
399 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
538 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
574 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
848 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
862 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
985 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1286 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1378 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1404 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1615 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1887 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2109 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2154 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2294 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»