8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2099 0
Қоғам

№13 31.03.2016 «Әлеумет үшін өзекті мәселе: ЖӘРДЕМАҚЫ мен ЗЕЙНЕТАҚЫ»

Жәрдемақы мен зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеудегі уақыт талабымен орын алып отырған өзгерістер мен жаңалықтар, қажетті мағлұматтар ел-жұрттың үнемі назарында болуы тиіс. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Райхан Мұратқызы Ибраевамен (суретте) осы төңіректе ой бөлісіп, сұқбаттасқан едік.

– Райхан Мұратқызы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау келешекте қалай жүзеге асады? Әсіресе әйел-азаматшалардың зейнет жасын ұзарту кезең-кезеңмен іске асырылатыны белгілі. Осы мәселеге нақтырақ тоқталсаңыз.

– Жәрдемақы мен зейнетақы мәселесінің қашан да әлеумет үшін өзекті екенін білеміз. Сол себепті жүйедегі жылт еткен жаңалықтармен бөлісіп отыруға қашан да дайынбыз. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 4-бабы 3-тармағында «Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ҚР Үкiметi айқындайтын тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi» делінген. Осыған орай былтыр ел Үкіметі қабылдаған № 985 қаулыға сай ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға арттырылды.

Ал, базалық зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өткен жылы қабылданған «2016-2018 жылдарға бекітілген республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сай үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға көбейтілді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
133 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
176 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
215 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
448 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»