Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жолды ретке келтіру жұмыстары қолға алынды.

Көше тұрғындары үшін бұл мәселе әсіресе жауын-шашынды күндері өзекті болатын. Асфальт жабынының болмауына байланысты жолмен жүру қиындап, көлік қозғалысына қолайсыздық туындайтын. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, қазіргі уақытта аталған көшелердің жол бөлігіне қиыршықтас-құм қоспасы төселуде. Арнайы техника көмегімен жол беті тегістеліп, қозғалысқа барынша қолайлы жағдай жасалуда.
Жұмыстардың нәтижесінде көшелердегі жол қатынасы жақсарып, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай қалыптасады деп күтілуде.
Негізінен қаламыздың бұл көшелеріне биыл асфальт төсеу жоспарланбаған. Сондықтан қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстар жолды уақытша ретке келтіруге бағытталған.
Жол жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Тұрғындардың инфрақұрылымға қатысты ұсыныстары алдағы уақытта да ескеріліп, мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Орал қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті: тұрғындарға қолжетімді бағамен өнімдер ұсынылды
Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ САНАТТАҒЫ ЖАСТАРҒА 10 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ

Кіру