8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2026 57 0
Білім

Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

Батыс Қазақстан облысында Мұғалімдер күніне орай педагогтерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. «Атамекен» өнер ордасында өткен «Ұстазға тағзым!» атты салтанатты жиында білім саласының қызметкерлері мен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында өңір басшысы Нариман Төреғалиев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды. Оның айтуынша, елдің дамуы ең алдымен білімді әрі білікті ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Ал жас буынның қалыптасуында мұғалімнің еңбегі ерекше орын алады.

Аймақ басшысы педагогтерге жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру жолындағы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мерекелік жиын кезінде бірқатар білім саласының мамандарына ведомстволық марапаттар, мерейтойлық медальдар және түрлі деңгейдегі алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздарға арнайы төсбелгілер тапсырылды.

Орал қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеміс Қайыроваға «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі беріліп, 1 миллион 297 мың 500 теңге көлемінде біржолғы сыйақы табысталды.

Бұдан бөлек, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өңірлік ұйымы да бірқатар педагогке арнайы сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік басқосу концерттік бағдарламаға ұласты. Өңірдегі өнер мектептері мен шығармашылық орталықтардың жас тәрбиеленушілері ұстаздарға арнап өнер көрсетіп, өздерінің музыкалық және шығармашылық туындыларын ұсынды.

Мұғалім – шәкірт жүрегіне білім мен ізгіліктің дәнін себетін, болашаққа бағыт-бағдар беретін қадірлі маман. Осы орайда барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз талапты да талантты болсын. Әрдайым абырой биігінен көрініп, еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем болғай!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
117 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
165 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
156 0
Өңір жаңалықтары
Сарыкөл ауылдық клубы пайдалануға берілді
02 Қазан 2026
278 0
Жол / Құрылыс
8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
29 Қыркүйек 2026
429 0
Toqaev2026
ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды
27 Қыркүйек 2026
448 0
Без рубрики
Бүгін – Еңбек күні
27 Қыркүйек 2026
363 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»