8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2026 102 0
Спорт

БҚО-да спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 295 мыңға жуықтады

Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту бағытында жұмыстар жалғасуда.

Бүгінде өңірде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 294 830 адам** шұғылданады. Оның 121 215-і ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Жалпы халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші 42,2%-ды құрайды. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу жоспарланған.

Өңірде спорттық инфрақұрылым да кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта облыс аумағында 1 583 спорт нысаны бар, оның 703-і ауылдық жерлерде орналасқан. 2023 жылмен салыстырғанда спорт нысандарының саны 54 нысанға артқан.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Облыста 22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оның төртеуі мамандандырылған. Спорт мектептерінде 14 150 жас спортшы жаттығады. Олар олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерімен айналысады.

Батысқазақстандық спортшылар республикалық және халықаралық ареналарда да жоғары нәтижелер көрсетуде. 2025 жылы облыс спортшылары 957 медаль жеңіп алды. Оның 306-сы – алтын, 289-ы – күміс, 362-сі – қола. Соның ішінде Азия чемпионаттарында 63, ал әлем чемпионаттарында 35 медаль иеленді.

2026 жылдың тоғыз айының өзінде өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 753 медальға қол жеткізді. Оның ішінде 270 алтын, 208 күміс және 275 қола медаль бар.

Бұл көрсеткіштер өңірде бұқаралық және кәсіби спортты қатар дамыту, спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру және жас спортшыларды қолдау бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын көрсетеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Сарыкөл ауылдық клубы пайдалануға берілді
02 Қазан 2026
89 0
Жол / Құрылыс
8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
29 Қыркүйек 2026
332 0
Toqaev2026
ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды
27 Қыркүйек 2026
377 0
Без рубрики
Бүгін – Еңбек күні
27 Қыркүйек 2026
347 0
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
365 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
368 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»