8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қазан 2026 56 0
Тағылым

«Аламан Құрақ» жобасына қатысқан әжелер марапатталды

Бүгін Атамекен өнер ордасында «Аламан Құрақ» жобасына қатысқан әжелерді марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Рахметұлы және БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Болатқызы, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Қабошұлы қатысып, ұлттық өнерді дәріптеуге, салт-дәстүрді сақтауға және кейінгі ұрпаққа насихаттауға үлес қосқан жоба қатысушыларына алғысын білдірді.

«Аламан Құрақ» жобасының ұлттық өнерді жаңғыртуда және оны жас ұрпаққа үйретуде маңызы зор екені атап өтілді. Жоба аясында еліміздің әр өңірінен жиналған қатысушылар бір мақсатқа бірігіп, халықаралық деңгейдегі рекордтарға қол жеткізген.

Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу және жастарға тағылымды тәрбие беру мәселелеріне де тоқталды.

Салтанатты рәсімде жобаға белсенді қатысқан әжелерімізге марапаттар табысталды.

Сонымен қатар, шара барысында әжелерге сөз беріліп, олар «Аламан Құрақ» жобасына қатысу барысындағы әсерлерімен бөлісіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Іс-шара соңында ұлттық өнерді дәріптеп, тарихи жобаларға белсенді атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, игі бастамаларды алдағы уақытта да жалғастыруға ниет білдірілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
29 Қыркүйек 2026
247 0
Toqaev2026
ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды
27 Қыркүйек 2026
327 0
Без рубрики
Бүгін – Еңбек күні
27 Қыркүйек 2026
318 0
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
346 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
350 0
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
338 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
361 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»