Оралда мас жүргізуші бір түнде 6 рет жол ережесін бұзған
БҚО-да бір күнде 6 құқық бұзушылық жасаған мас жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қазанға қараған түні БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Орал қаласындағы Төле би көшесінде патрульдеу кезінде Hyundai Tucson автокөлігін басқарған жүргізушінің көлік жүргізу мәнеріне күмәнданып, оны тоқтату туралы белгі берген. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жылдамдығын арттырып, қашуға тырысқан.
Полиция қызметкерлері дереу тоқтатып, оның жеке басын анықтады. Көлік тізгінінде 37 жастағы жергілікті тұрғын болған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған жүргізуші бір күнде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау, жол белгісінің талабын бұзу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өту, қарсы бағыттағы жолаққа шығу және мас күйінде көлік басқару секілді 6 құқық бұзушылық жасаған. Осылайша полиция қызметкерлері құқық бұзушыны дер кезінде тоқтатып, мас күйінде көлік басқару салдарынан туындауы мүмкін жол-көлік оқиғасының және өзге де ауыр зардаптардың алдын алды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Сот шешімімен кінәлі адамға 18 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Орал қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті: тұрғындарға қолжетімді бағамен өнімдер ұсынылды
Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті

Кіру