Төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді
Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Хан ордасы ауылында үш кітаптың тұсауы кесілді. Тағылымды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, еңбек ардагерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Тұсаукесер рәсімінде академик Тұяқбай Рысбековтің «Нарын құмы – тарихтың шежіресі» кітабының екінші басылымы, Хан ордасы музей қорығы қызметкерлері жинақтаған «Архив құжаттарындағы Бөкей ордасының тарихы» еңбегі және Бөкей ордасы ауданы энциклопедиясының үшінші басылымы таныстырылды.
«Нарын құмы – тарихтың шежіресі» еңбегінде Нарын өңірінің табиғаты, тарихы, елдік жолы, тарихи тұлғалары мен мәдени мұрасы кеңінен қамтылған. Ал архивтік жинаққа бұрын көпшілікке белгісіз болған тарихи құжаттар, ресми хаттар, деректер мен фотоматериалдар енгізілген.
Бөкей ордасы ауданының энциклопедиясы тұңғыштар мекенінің өткені мен бүгіні, белгілі тұлғалары, тарихи орындары, мәдениеті мен әлеуметтік дамуы туралы жүйелі анықтамалық деректерді қамтиды.
Салтанатты рәсімде жаңа басылымдардың тұсауы кесіліп, олардың тарихи танымды тереңдету, Бөкей ордасының бай мұрасын насихаттау және құнды деректерді келер ұрпаққа жеткізудегі маңызы аталып өтті.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі



Соңғы жаңалықтар
Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ САНАТТАҒЫ ЖАСТАРҒА 10 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ
15 граждан привлечены к ответственности за незаконное нанесение граффити в ЗКО
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Handelsblatt» іскерлік басылымына жарияланған мақаласы
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сурет және постерлер байқауы өтті
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталды
Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті
Air Astana Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын тегін тасымалдайды
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды
БҚО-да 129 әлеуметтік нысан салынып, медицинаға жасанды интеллект енгізілуде

Кіру