8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2026 91 0
Тағылым

Әдебиетке құрмет – руханиятқа құрмет

Кітап – ұлттың рухани жадын сақтап, ұрпақты тағылым мен танымға жетелейтін құндылық. Оқырман мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру бағытында елімізде түрлі мәдени-ағартушылық жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – «Кітап оқитын ұлт» жобасы.

Осы жоба аясында Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жазушы-журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мира Хамзақызы Шүйіншәлиеваның шығармашылығына арналған әдеби lounge ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – өлке қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын кейінгі буынға таныстыру, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және оқырман мен қаламгер арасындағы рухани байланысты нығайту. Еркін форматта өткен әдеби басқосу барысында Мира Шүйіншәлиеваның әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасы, шығармашылық жолы мен қаламгерлік ізденістері туралы кеңінен сөз болды.

Әдеби кешке кітап пен көркем сөзді жанына жақын көретін студент жастар мен мектеп оқушылары қатысып, қаламгердің шығармаларымен жақынырақ танысты. Жас оқырмандар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі кітапты тек оқып қана қоймай, оның авторы мен шығармашылық әлемі туралы тікелей мағлұмат алу әдеби туындыны тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында қаламгердің «AbaiTV» телеарнасындағы «Сарасөз» бағдарламасына берген сұхбатынан үзінділер де оқырман назарына ұсынылды. Бұл арқылы қатысушылар жазушының әдебиетке, шығармашылыққа және қоғамдағы рухани құндылықтарға қатысты ой-пікірлерімен танысты.

«Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі мәні де осында – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, ойлы оқырман қатарын көбейту, жастардың таным көкжиегін кеңейту және рухани құндылықтарды дәріптеу. Ал жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен насихаттау – туған өлкенің әдеби мұрасын ұлықтаудың маңызды бір жолы.

Осындай мазмұнды әдеби кездесулер арқылы кітапхана тек кітап сақтайтын мекеме ғана емес, оқырман мен қаламгерді тоғыстыратын, пікір мен парасатты ұштастыратын рухани орта екенін көрсетіп келеді. Кітапқа деген құрмет – сөз өнеріне, ал сөз өнеріне деген құрмет – ұлттық руханиятқа деген құрмет.

Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, қаламгер еңбегін бағалау және әдеби мұраны дәріптеу – рухани кемел қоғам қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі. Мұндай кездесулердің жалғасын табуы оқырман мәдениетінің дамуына және әдебиетке деген сүйіспеншіліктің арта түсуіне жол ашады.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Сарыкөл ауылдық клубы пайдалануға берілді
02 Қазан 2026
91 0
Жол / Құрылыс
8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
29 Қыркүйек 2026
332 0
Toqaev2026
ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды
27 Қыркүйек 2026
377 0
Без рубрики
Бүгін – Еңбек күні
27 Қыркүйек 2026
347 0
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
365 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
368 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»