ТЕЛЕФОН ҰРЛАҒАНДАРДЫ ҰСТАДЫ
Оралдық қос полицей жарты сағат ішінде екі тонаушыны ұстады.

Қазіргі уақытта Орал қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция инспекторлары қалалық әкімдік өкілдерімен бірге жабайы сауданың жолы кесу мақсатымен рейд жүргізуде. Кезекті, яғни 18 сәуір күні 10.00 шамасында «Орталық базар» ауданында ұйымдастырылған рейд барысында Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Берік Қайырғалиев пен полиция лейтенанты Асылан Нықбаев рация арқылы өздері жүрген базар аумағында адам тонау фактісі орын алғаны туралы ақпарат алады. Полицейлерге жолыққан жәбірленуші өзін Жасұлан деп таныстырып, өзін белгісіз ер адамның кенеттен соққыға жығып, ұялы телефонын күштеп тартып алғанын және Ә.Молдағұлов атындағы көшеде орналасқан «Еще парочка» кафесіне қарай бұррылғанын да айтып береді.
Полицейлер жәбірленушінің нұсқаған бағытымен күдіктіні тауып, оқиға орнына жеткен Абай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырады. 1988 жылы туылған, еш жерде жұмыс жасамайтын, Теректі ауданына қарасты ауыл тұрғыны кісі тонағанын толықтай мойындады. Қымбатқа бағаланатын ұялы телефонынан айырылып, таяқ жеген азамат тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.
Жарты сағат өткенде рацияға тағы бір дабыл түсіп, адам тонау оқиғасы туралы хабар келген. Бұл азамат та құнды ұялы телефонының тоналғанын айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Сонымен қатар, сақшыларға күдіктінің Ә.Кердері көшесімен жүріп, №75 үйге қарай жақындағанын баяндаған. Күдіктінің соңынан ілескен учаскелік полиция инспекторлары Асылан мен Берік қай үйге, қандай пәтерге кіргенінен көз алмайды. Соңынан есігін қағып, екі полицей ішке енгенде күдікті өзінің ұсталғанын сезген. Асып-сасқан күдікті ол оңай олжамен тапқан құнды ұялы телефонын қалтасынан суырып береді. 1982 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын күдікті оқиға желісін толықтай баяндап берді. Заңға қайшы барлық әрекеттерін мойындады.
Бүгінгі күні Абай полиция бөлімі кісі тонау фактілеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.
Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Берік Қайырғалиев №16 учаскелік полиция пункітінде, полиция лейтенанты Асылан Нықбаев №18 учаскелік полиция пункітінде қызмет көрсетеді. Жарты сағат ішінде 2 кісі тонау оқиғасының ізін суытпай ашқан қос тәртіп сақшысын Орал қ.ПБ басшылығы ынталандыруға ұсынды.
Гүламан Исмағұлова, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу