8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2020 1665 0
Қалалықтар қаперіне

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ. БҚО-ДА САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

19 наурыз күні БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысы жарияланған болатын. Аталған қаулыға бүгін өзгеріс енгізіліп, сауда нысандарының жұмыс уақытын шектеу 10.00 мен 18.00 аралығынан 9.00 мен 21.00 аралығына өзгертілді.

 

2020 жылдың 19 наурыздағы № 1-ПГВр

 «Батыс Қазақстан облысының 

аумағында жаңа коронавирустық 

жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі 

мен таралуының алдын алу жөніндегі 

шараларды күшейту туралы» 

Батыс Қазақстан облысының 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің    

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мен, Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Қайыржанұлы Арыспаев, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.     2020 жылдың 19 наурызындағы № 1-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілсін:

1-  тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

– аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінің (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер және басқа да бөлшек сауда объектілері) жұмысын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеу. Кемінде 1 (бір) метр қашықтықты сақтай отырып, кезектің 5 адамнан артық түзілуіне жол бермеу;

2.    Осы қаулы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілсін.

3.    Осы қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке кәсіпкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

4.    Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5.    Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                    М.Арыспаев     

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»