8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қыркүйек 2026 96 0
Инфрақұрылым

Ақжайық шағын ауданын кешенді дамыту жұмыстары жалғасуда

Орал қаласының жаңа аумақтарын кешенді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның бірі – тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандарды қатар дамыту көзделген Ақжайық шағын ауданы.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев жауапты бөлім мамандарымен бірге шағын ауданға барып, мұндағы тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайын және инфрақұрылымдық нысандардың іске асырылу барысын зерделеді.

Ақжайық шағын ауданында 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салуға арналған 12 жер учаскесі белгіленген. Бүгінде оның 9-ы бойынша құрылыс салушылар анықталып, бірқатар нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс барысында тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны, жобалардың белгіленген мерзімде орындалуы және құрылыс сапасы қаралды. Сонымен қатар нысандарда техникалық қадағалаудың ұйымдастырылуы, құрылыс жұмыстарының белгіленген талаптарға сәйкестігі және жобалық-сметалық құжаттамалардың сараптамадан өту мәселелеріне назар аударылды.

Шағын ауданның дамуында тұрғын үймен қатар әлеуметтік инфрақұрылымға да басымдық берілуде. Атап айтқанда, кіреберіс аумақта 250 орынға арналған емхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанның құрылыс жұмыстарын «Тасқала ТрансГаз» мердігер ұйымы атқаруда.

Ақжайық шағын ауданында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қатар бой көтеруі жаңа аумақтың инфрақұрылымын қалыптастыруға және тұрғындарға қажетті қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған.

Жауапты бөлімдер тарапынан құрылыс нысандарының орындалу барысы тұрақты бақылауда ұсталып, анықталған мәселелер бойынша мердігер ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілуде.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
29 Қыркүйек 2026
91 0
Toqaev2026
ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды
27 Қыркүйек 2026
182 0
Без рубрики
Бүгін – Еңбек күні
27 Қыркүйек 2026
178 0
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
311 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
313 0
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
304 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»