БҚО мен Өзбекстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық нығая түседі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримовпен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ерекше мән берілді. Атап өту керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, екі ел арасындағы өзара тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр.

2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 40,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға жоғары. Оның ішінде экспорт көлемі 40,3 млн АҚШ долларын, импорт 0,4 млн АҚШ долларын құрады.
Өңірдің негізгі экспорттық тауарлары қатарында жанармай, табиғи газ конденсаты, ірі қара мал еті және күнбағыс майы бар.
Кездесуде екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды жолға қою, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері қарастырылды. Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындары көлік, құрылыс және мұнай-химия өнімдерін жеткізу бағыттарында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін білдірді.
Сонымен қатар Ташкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында сауда үйлерін ашу мүмкіндігін қарастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл бастама екі тарап арасындағы сауда байланыстарын кеңейтіп, отандық өнімдерді нарыққа шығаруға қосымша мүмкіндік береді.
Кездесу барысында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жүк тасымалы мен транзиттік әлеуетті арттыру мәселелеріне де назар аударылды.
Тараптар өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайтып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екендерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Handelsblatt» іскерлік басылымына жарияланған мақаласы
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сурет және постерлер байқауы өтті
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталды
Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті
Air Astana Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын тегін тасымалдайды
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды
БҚО-да 129 әлеуметтік нысан салынып, медицинаға жасанды интеллект енгізілуде
БҚО тәртіп сақшылары мен жастар заңсыз граффитиге қарсы бірікті
«Қауіпсіздік коды: 102-111-150»: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!!!
Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді
Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті

Кіру