8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қыркүйек 2026 423 0
Заң және тәртіп

БҚО тәртіп сақшылары мен жастар заңсыз граффитиге қарсы бірікті

Батыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шаһардың эстетикалық келбетін сақтау және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды рейдтік шаралар басталды.

Арнайы топтардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және «Орал жастары» белсенді волонтерлері тартылды. Бақылау аясында шаһар орталығы, халық көп шоғырланатын демалыс орындары, саябақтар, сондай-ақ «Саяхат» және «Зигзаг» аудандары толық қамтылды. Тәртіп сақшылары мен еріктілер бірлесе жүргізген аралау барысында тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына заңсыз салынған граффити жазулар мен вандализм белгілері анықталды.

Заңсыз жазуларды кетіру бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ жедел басқару бейнебақылау жүйелері де толық іске қосылып, вандализмге жол беретін тұлғаларды анықтау жұмыстары күшейтілді.

Мұндай рейдтік және профилактикалық шаралар облыстың барлық аудандарында жүйелі түрде жалғасады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»