8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қыркүйек 2026 435 0
Заң және тәртіп

135 автоматты жүйе жұмыс істейді

Жол қозғалысының қауіпсіздігі – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Көлік саны артқан сайын жолдағы тәртіпке қойылатын талап та күшейе түсті. Бір сәттік асығыстық немесе жол ережесін елемеу адам өміріне орны толмас зардап әкелуі мүмкін. Сондықтан жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесі үнемі назарда болуы тиіс.


Бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кеңінен қаралды. Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.
Өңірдегі жол қауіпсіздігіне қатысты көрсеткіштерде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, биылғы сегіз айда облыста тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға төмендеген. Сонымен қатар жол апаттарынан қаза тапқандар саны 15 пайызға, зардап шеккендер саны 14 пайызға азайған.
Бұл көрсеткіштер жол қауіпсіздігі бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсеткенімен, мәселенің маңыздылығын төмендетпейді. Себебі әрбір жол-көлік оқиғасының артында адам тағдыры тұр. Әсіресе жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігі ерекше назар аударуды қажет етеді.
Есепті кезеңде облыста жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты 212 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 187-сі жүргізушілердің, 25-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған. Бұл деректер жол қозғалысына қатысушылардың барлығына бірдей жауапкершілік жүктелетінін көрсетеді. Жүргізуші жылдамдықты сақтап, жаяу жүргіншіге жол беруге міндетті болса, жаяу жүргінші де белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеуі, бағдаршам талаптарын сақтауы тиіс.
Осы бағытта облыста кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Биыл өңірде 292,9 шақырымнан астам автомобиль жолын жөндеуге 48,6 млрд теңге бағытталған. Қаражат есебінен жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдардың техникалық жағдайын жақсартуға басымдық берілуде.
Жолдағы тәртіпті қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың да үлесі артып келеді. Қазір облыс аумағында көлік қозғалысының жылдамдығын бақылайтын 135 автоматты жүйе жұмыс істейді.

«Жайық үні»
(Мақаланың толық нұсқасын осы бейсенбідегі нөмерден оқуға болады.)

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»