8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қыркүйек 2026 442 0
Өңір жаңалықтары

«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді

– Оралда таяуда – 399-ыншы жәрмеңке өтті. Жыл соңына дейін оның санын 600-ге жеткіземіз, – деді облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова.


Жәрмеңкеге қала мен облыстың аудан-аймақтарынан 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысып, 250 тоннаға жуық өнім саудаға шығарылды.
«Дала дәмінің» жаңа форматтағы басты ерекшелігі – жәрмеңке саудасының ретке келтірілуінде. Бұдан былай сауда орындары бірыңғай үлгіде жабдықталып, арнайы сөрелер мен құрылымдар орнатылады. Автокөлік, жүк көлігі мен тіркемелерден ретсіз сауда жасауға жол берілмейді. Осы арқылы жәрмеңке алаңының тазалығы мен тәртібін сақтап қана қоймай, сатып алушыға да қолайлы жағдай жасау көзделген.

Ал шаруалар үшін сауда орындары тегін беріледі. Бұл – ауылдағы тауар өндірушіге жасалған нақты қолдаудың бірі. Өз өнімін делдалға өткізбей, тікелей тұтынушыға ұсынған шаруа еңбегінің өтеуін лайықты бағамен алуға мүмкіндік алады. «Дала дәмі» жәрмеңкелері еліміздің барлық өңірінде әр демалыс сайын ұйымдастырылады. Алғашқы демалыс күндерінің өзінде 2 мың тоннадан астам отандық ауыл шаруашылығы өнімін саудаға шығару жоспарланған. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев жобаның ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – азық-түлік бағасын тұрақтандыру және халықты сапалы, қолжетімді өніммен қамтамасыз ету. Жәрмеңкені Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов те аралап көрді. Тауар өндірушілермен және тұрғындармен тілдесті. Жергілікті шаруаларды қолдау, олардың өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

– Өңір бойынша 400-ге жуық жәрмеңке өткізілді. Жыл соңына дейін олардың санын 600-ге жеткізу жоспарланып отыр, – дейді БҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова.

«Дала дәмі» жәрмеңкесін ауыл мен қаланы жалғаған, еңбекті бағалап, берекені еселейтін орта деуге болады.

Д.САҒЫНБАЕВА,
«Жайық үні»
(Мақаланың толық нұсқасы «Жайық үнінің» осы бейсенбідегі санында. )

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»