ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫН ЕСЕЛЕГЕН ҮШЕМДЕР
Оралда дүниеге келген үшемдер кеше, 3 мамыр күні ауруханадан шықты. Сәбилердің бауы берік болуын тілеп, біз де бүгін арнайы Сағындықовтардың қуанышына құтты болсын айта бардық.
Осыдан бір ай бұрын Сағындықовтар әулетінде үшем дүниеге келген еді. Көпұрықты жүктілікке байланысты сәбилердің салмағы аз болған. 1,3, 1,5, 1,7 келі болып дүние есігін ашқан сәбилер анасымен бірге облыстық перинаталдық ауруханаға жатқызылып, тура бір ай дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары жақсарып, 2 келіден аса салмақ жинаған соң, дәрігерлердің шешімімен ауруханадан шығарылды.
– Жүктілігімнің 14 аптасында УДЗ-ға түскенімде үшем болатынын білдім. Сол уақыттан бері отбасымызбен асыға күттік. Сол кезден бастап перинаталдық орталық есепке алып, №6 қалалық емхана қызметкерлері жүктілігімді бақылауда ұстады. Бірінші жаратушының, екінші ақ халаттылардың арқасында балаларымыз аман-есен дүниеге келіп, жағдайлары жақсарды. Бізге көмектескен перинаталдық орталықтың қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді үшемнің анасы Дина Хамзина.
Дина мен Қанат Ғұпрановтың үлкен қыздары Қарлығаш – №38 мектеп-гиназиясының 7-сынып оқушысы, одан кейінгі қыздары Назерке мен Қарагөз – А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 және 1 сынып оқушылары, ұлдары Нұршат – 1,5 жаста. Отбасының базарын толтырар үшемге – Көзайым, Жанайым, Бегайым есімдерін берген. Үйдің үлкен қыздары сәбилерді өзара бөлісіп, меншіктеп алған. Кішкентайларды қарауға ата-әжесі де көмектесуде.
– Үйіміз толып, қуанудамыз. Дендері сау болып, әдепті, тәрбиелі, ибалы қыз болып өсіп кетсе деген тілегіміз бар. Ата-ананың басты арманы – балаларының амандығы ғой. Біздің де тілегіміз – осы, – дейді жеті баланың әкесі Қанат Ғұпранов.

Кеше үйлеріне шыққан бөбектерді бүгін учаскелік дәрігер алғаш рет патронаж жасап, жағдайларын тексерді. Қазіргі уақытта қыздар 2,2, ,2,1, 3 келіден салмақ жинаған.
– Жағдайлары қалыпты. Ауруханадан тиісті екпелерін алып шықты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз, – дейді №6 емхананың жалпы тәжірибедегі учаскелік дәрігері Баян Бейісова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылы облыста 98, биылғы жыл басынан бүгінге дейі 35 егіз сәби жарық дүние есігін ашқан. Ал, үшем бұған дейін 2016 жылы туылыпты.
Айта кетейік, үшемдердің ата-анасы Дина Хамзина – облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында әдіскер, Қанат Ғұпранов – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы. Қанат Ғұпрановтың жетекшілігімен шәкірті Назерке Төлеуғалиева «Мобильді емхана» жобасын дайындап, облыстық инновациялық жобалар байқауында үздік атанған болатын.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу