SARAP отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды
Бүгін, 2026 жылғы 4 наурызда, Астанада «Конституция қоғамдық келісім ретінде: әлеуметтік кепілдіктер теңгерімі мен азаматтардың талап-тілегі» атты «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.
Кездесу республикалық референдумға ұсынылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған қоғамдық диалог аясында ұйымдастырылды. Сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен әлеуметтанушылар ұсынылып отырған реформалардың халықтың әділдік, қауіпсіздік және тұрақтылыққа қатысты сұраныстарына қаншалықты сәйкес келетінін талқылады.
Модератор – Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа Конституция жобасында азаматтардың білім алу, денсаулық сақтау құқықтарын, сондай-ақ экономикалық және мәдени кепілдіктерді қамтитын әлеуметтік нормалардың кеңейтілген блогы қарастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Институттың мониторингтік зерттеулерінің деректері елдегі әлеуметтік көңіл күй деңгейінің тұрақты екенін көрсетеді: азаматтардың 80%-дан астамы өз өміріне көңілі толатынын білдірсе, жартысынан көбі оның жақсаратынына үміт артады. Одан бөлек, экономикалық қауіпсіздікке деген жоғары сұраныс сақталып отыр: халықты бағаның өсуі, жинақ жасау мүмкіндіктерінің шектеулігі және қарыз жүктемесі алаңдатады.
ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын конституциялық деңгейде бекіту мәселесін қозғады.
«Жаңа Конституция жобасында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені бекітілген. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтар ретінде айқындалды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Серік Беркамалов еңбек құқықтарын қорғаудың жаңа стандарттарына тоқталды.
Денсаулық сақтау саласының сарапшысы Марат Мамаев ұсынылып отырған өзгерістер денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік болмысын өзгертпейді. Ол конституциялық норманы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың іс жүзінде қалыптасқан моделіне сәйкестендіреді. Бұл – неғұрлым әділ, тұрақты және институционалдық тұрғыдан жетілген жүйеге жасалған қадам. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз «бәрі тегін болады» деген уәде емес. Бұл – кепілдендірілген қолжетімділік, ортақ қаржыландыру және ұзақ мерзімді тұрақтылық», – деді сарапшы.
Білім беру мәселелеріне осы саладағы сарапшы, PhD Мадина Тыныбаева тоқталып, Конституция жобасында орта білім алуға кепілдік бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар «тегін білім беру» деген тұжырым «азаматтар төлемейтін білім беру» ретінде нақтыланған. Бұл халықтың қаржылық жүктемеден босатылатынын көрсетіп, білім беру қызметтеріне тең қолжетімділік пен олардың сапасын қамтамасыз етуге басымдық берілетінін айқындайды.
Экономист, Tengenomika телеграм-арнасының авторы Руслан Сұлтанов өз сөзінде экономикалық даму мен әлеуметтік кепілдіктердің өзара байланысына назар аударып, халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі тікелей адам капиталының дамуына байланысты екенін айтты.
Отырыс барысында қатысушылар қоғам үшін маңызы зор құндылықтар ретінде әділеттілікті, әлеуметтік қауіпсіздікті және конституциялық кепілдіктерді жүзеге асырудың айқын тетіктерін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
SARAP отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты
БҚО-да көші-қон қызметі 76 жастағы қарияға тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда

Кіру