ОБЛЫС АКТИВІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялы қауым, жоғары оқу орындарының ректорлары, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімдері селекторлық режим арқылы қосылды.
Аймақ басшысы жаңа Конституцияны қабылдау «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыру жолындағы маңызды әрі тарихи қадам екенін ерекше атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашы болған конституциялық реформа еліміздің болашақ даму бағытын айқындайды. Конституциялық комиссияның жұмысы жария жүргізіліп, нәтижесінде халық назарына түзетулер жобасы ұсынылды. Ендеше ел тағдырындағы елеулі оқиғаға байланысты талқылаулар да терең, байыпты әрі сындарлы болуы маңызды, – деді облыс әкімі.
Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов заң шығаруға бастамашылық ете алатын жаңа институт – Халық Кеңесінің құрылуы және арнайы заңмен реттелуі азаматтық қоғамның әлеуетін арттыратын батыл бастама екенін жеткізді.
Журналист, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин вице-президентті өз өкілеттігін атқару кезеңінде ешқандай партияда болмауға міндеттеу саяси ұйымдардың тең даму жағдайын қамтамасыз етуге, өзара бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, ҚХП облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев тағдыршешті мәселелерді халықтың талқысынан өткізудегі батыл бетбұрыстарға оң баға беріп, қоғам мүшелерін азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің проректоры Жанар Досқазиева алғаш рет азаматтардың жеке деректерінің цифрлық ортада қорғалуын қамтамасыз ету міндеті негізгі құжатқа енгізілгені Ата Заңның уақыт талабына сай өзгергенін айғақтайтынын айтты.
Жиын соңында облыс әкімі жауапты органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, қоғам өкілдерін белсенділік танытуға шақырды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 423 жерде 760 тонна қоқыс жиналды
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
В ЗКО собрали 760 тонн мусора на 423 локациях за один день в рамках акции «Таза Қазақстан»
Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда

Кіру