Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
Бүгін, 6 ақпан күні, Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.
Талқыға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Жиын қатысушылары жаңа Конституция жобасына, оның ішінде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелерін реттейтін 30-бапқа қатысты ойын ортаға салды. Сарапшылар тақырыпты Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер мен отбасы және туыстық қатынастардың трансформациясын көрсететін әлеуметтанулық зерттеулер негізінде талқылады.
Іс-шараға Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова модератор болды. Ол жаңа Конституция жобасына отбасы және неке қарым-қатынастарын реттеуге бағытталған жаңа норманы енгізу неке институтының құқықтық мәртебесін анықтап, әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан отбасына жаңа құндылық бағдарын белгілеуге септігін тигізетінін атап өтті.
ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл Қазақстан отбасыларының әлеуметтанулық портреті туралы баяндама жасады.
«Қазақстанның отбасы институты дағдарыста емес, керісінше, әлеуметтік өзгеріс жағдайларына бейімделіп келеді. Бұл құндылық бағдарларын, гендерлік сезімталдықты және әлеуметтік-экономикалық қолдау тетіктерін ұштастыратын икемді, мақсатты әрі теңгерімді отбасы саясатын талап етеді», – деді сарапшы.
Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова қазіргі уақытта отбасы институты әлеуметтік үдерістердің ықпалымен күрделене түскенін атап өтті.
«Бұрын қоғамдық дамудың негізгі бағдарлары урбанизация, индустрияландыру, жаппай білім беру және демократияландыру үдерістерімен айқындалса, бүгінде отбасының трансформация бағыттарын және некенің құқықтық анықтамасын қайта пайымдау қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 30-бабында некенің ер мен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілуі құқықтық айқындықты қамтамасыз етіп, қазіргі қоғамдық сұраныстарға сай келеді», – деді сарапшы.
Ұлттық эксперт – демограф Аяулым Сағынбаева балалардың ата-анасының некеде болуы маңызды екенін әрі бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сарапшының пікірінше, отбасы туралы нормалар ер мен әйелге ғана емес, ең бастысы, балалардың құқықтары мен әл-ауқатына бағытталуға тиіс.
Сондай-ақ іс-шара барысында отбасы институтының трансформациясы, мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастыру мен іске асырудағы рөлі және конституциялық реттеу мен әлеуметтік практикалардың арақатынасына қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушылар әлеуметтік маңызы бар институттарға қатысты конституциялық нормаларды талдағанда, эмпирикалық деректерді пайдалану маңызды екенін де ерекше атап өтті.
Қазақстандық қоғамдық даму институтыныңбаспасөз қызметі
https://kipd.kz/
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру