Мерзімді қызметтің 196 сарбазы алғаш рет парашютпен секірді
Жыл басынан бері Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 300-ге жуық әскери қызметшісі парашютпен секірулер орындады. Оның ішінде мерзімді қызметтің 196 сарбазы секіруге алғаш рет жіберілді.
Секірулер Ми-17 тікұшағынан 800 метр биіктіктен Д-6 4-сериялы оқу-жаттығуға арналған парашют жүйелерімен жүзеге асырылды.
Парашюттік дайындық – десантшылар үшін жауынгерлік дайындықтың негізгі элементтерінің бірі әрі олардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең. Ол жоғары дене дайындығын, психологиялық төзімділікті және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды қажет етеді.
Жеке құрам секірер алдында толық көлемде жерүсті даярлығынан өтті. Оған әуе десанты кешеніндегі жаттығулар, әуе кемесінен шығу тәртібі, әуеде парашютті басқару және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды пысықтау кірді. Әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен даярлық деңгейі тексерілгеннен кейін ғана парашютпен секіруге жіберілді.
32363 әскери бөлімі әуе-десанты даярлығы бөлімінің аға офицері гвардия майоры Данияр Әбдірахмановтың айтуынша, жеке құрам көзделген іс-шараларды толық орындап, қойылған тапсырмаларды сәтті орындап шыққан.
Тікұшаққа мінер алдында қауіпсіздік шаралары мен секіру кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша қосымша нұсқаулық өткізілді. Жерге қонғаннан кейін әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық жоспары аясында жергілікті жерде тактикалық міндеттерді орындауға кірісті.
www.gov.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды
Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады
Қазақстандағы конституциялық реформа және мемлекеттік қызметтің жаңа мәдениеті

Кіру