8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2026 788 0
Бәрекелді!

Игі іске ұласқан мереке

Бүгін Достық үйі шаңырағында Алғыс айту күніне арналған жүрекке жылу, көңілге нұр сыйлаған мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина, сондай-ақ БҚО КХА төрағасының орынбасарлары мен этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Олар татулық пен тұрақтылықтың қадірін, ел ішіндегі өзара сыйластық пен жанашырлықтың маңызын ерекше атап өтті.

Айтулы күн аясында дәстүрлі «Қайырымдылық керуені» акциясы бастау алып, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен жас өнерпаздар өнер көрсетті. Әсем ән мен күмбірлеген күй, ұлттық нақыштағы билер көрермен көңілін тербеп, бірлік пен достықтың жарасымын айшықтады.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»