8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2026 507 0
Оқиға

Жоғалған жандар табылды

Screenshot

Орал қаласында бір тәулік ішінде криминалдық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған үш адамды тапты . Орал қаласында бір тәулік ішінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын із-түзсіз жоғалған үш азаматты анықтап, тапты. Бірінші жағдайда 2014 жылы туған бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге БҚО Полиция департаментінің барлық бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бала қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінен табылды. Ол ата-анасына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
БҚО полиция қызметкерлері 1993 жылы туған, шамамен жарты жыл бойы үйіне келмеген әйелді тапты. Ақпан айының соңында оның анасы полицияға жүгініп, тамыз айынан бері қызын көрмегенін хабарлаған. Іздестіру шаралары барысында әйелдің мекенжайы анықталып, анасымен кездесті.
Сондай-ақ полицейлер 1994 жылы туған жас жігітті тапты. Ол 2 наурыз күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның жүріп өткен бағыты Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Нәтижесінде ер адам қаңырап бос тұрған үйлердің бірінен аман-есен табылды. Оның ақыл-есі кем екені анықталды. Қазіргі уақытта ол ата-анасына тапсырылды. Полиция азаматтарды балаларға мұқият болуға, жақындарының жоғалғаны туралы дереу хабарлауға, туыстарымен байланыста болуға және ерекше қамқорлық пен назарды қажет ететін адамдарға аса көңіл бөлуге шақырады.
БҚО ПД баспасөз қызметі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
92 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
185 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
224 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
263 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»