8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2021 1550 0
Қоғам

ОРАЛДА 8 МЫҢНАН АСА ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ОҚИДЫ

Осы орайда биыл «Қазақ  мектебіне қадам басайық» тақырыбымен ата-аналарға түсініктеме жұмысы жүргізілмек. Бұл туралы Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы Серік Қайырлиев мемлекеттік тіл мәселесі көтерілген жиында мәлім етті. 

Жиында бөлім басшысы ҚР Тіл туралы» заңының аясында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген жоспарлы жұмыстар туралы баяндады.

Жас буынның ана тілін бойға сіңіруіне ата-аналар үлгі көрсетіп, бағыт бере алады. Сондықтан ең бастысы ата-аналарға түсінік жүргізу маңыздырақ.

– Орал қаласында мектептерінде орыс сыныптарында 8269 қазақ ұлтының балалары білім алып жүр. Өткен оқу жылында орыс сыныптарында оқитын қазақ балалары 17,1 пайыз болған еді, биыл 16,5 пайызды құрады. 0,6 пайызға кему бар. Баяу да болса, қозғалыс бар. Алайда, қазақ ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Осы орайда биыл «Қазақ  мектебіне қадам басайық» тақырыбымен түсініктеме жұмысы жүргізілмек,  – деді Серік Ерболатұлы.

Тілді үйренудің алғашқы қадамдары мектеп партасынан басталатынын ескерсек, баланың мектеп табалдырығын аттарда оқыту тіліне  басымдық берудің маңызы зор.

Айта кетейік, елімізде бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»