8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2021 1748 0
Қалалықтар қаперіне

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Бұл туралы бүгін, ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті. 

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

 Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

 Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

–  Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

– Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

 – «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

–  063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

 – 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
299 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»