ОРАЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ ШЫҒАРҒАН ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЖАҢА СҰРЫПТАРЫ ӨНДІРІСТЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін, 26 наурыз күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен көктемгі далалық жұмыстарға дайындық барысы пысықталған жиында айтылды.

Облыста жоғары репродукциялы тұқым өндірумен бес шаруашылық айналысады. Олар – «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы», «Раздолье», «АгроСервис-Батыс», «Тұлпар LTD» ЖШС-тері және «Акас» ШҚ. Бұған қоса аттестатталған тұқым өткізушілер бар – «АБН Технологии» ЖШС, «Габдулов А.Б.» ЖК, СПКВ «Ағын». Олар отандық және шетелдік селекцияның ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сатумен айналысады.
– Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі республикалық мемлекеттік комиссияның шешімімен 2020 жылы облыста «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-ның қатысуымен шығарылған бес дақыл бойынша 6 сұрып аудандастырылды. Жұмсақ жаздық бидай – Красноуральская, қатты жаздық бидай – Янтарная 60, дәнді құмай – Дергачевское, тары – Ярлык Батыра, ноқат – Ровенский, жасымық – Екатериновская. Осы сұрыптарды біртіндеп өндірісте кеңінен тарату бойынша жұмыстар жалғасады. Олардың ерекшелігі – біздің климатқа бейімделген, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов.
Жалпы биыл көктемгі егіске қажетті тұқым толығымен дайындалған. Нақтырақ айтқанда, жаздық дәнді дақылдар тұқымы 16,2 мың тонна деп есептелсе, бүгінгі күнге дайындалғаны 16,3 мың тонна немесе қажеттілікң 100,5 пайызға орындалған. Қажетті майлы дақылдар тұқымы 0,84 мың тонна болса, бұл 0,85 мың тонна немесе 101,2 пайыз дайын. Мал азықтық дақылдар тұқымы қажеттілігі 0,68 мың тонна, картоп тұқымына қажеттілік – 6,0 мың тонна. Бұлар да толық көлемде дайын.
Айта кетейік, биыл облыста 515 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егу жоспарланған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу