БҚО-ДА БИЫЛ 515 МЫҢ ГЕКТАРҒА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛЕДІ
Бүгін, 26 наурыз күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында көктемгі далалық жұмыстарға дайындық барысы пысықталды.

Облыс бойынша 2021 жылы ауыл шаруашылық алқаптарының әртараптандыру бойынша жасақталған меморандумға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 515 мың гекар болуы тиіс. Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақовтың мәліметінше, 232 мың гектары дәнді дақылдар алқабы, 80 мың гектары майлы дақылдар алқабы болады, оның ішінде күнбағысты 55 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Картопты 4400 гектарға және көкөніс-бақша дақылдарын 5500 гектарға егу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы мал азықтық дақылдардың егісі 193 мың гектар болмақ, оның ішінде біржылдық шөптер – 20,5 мың га, сүрлемдік дақылдар – 1,0 мың га, көпжылдық шөптер – 26,0 мың га. Өткен жылдардан қалған көпжылдық шөптердің алқабы 145,5 мың га.
2020 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар 4,9 мың га, мал азықтық дақылдар – 9,7 мың га және картоп, көкөніс-бақша дақылдары – 620 га ұлғаяды деп күтілуде.
– Аудандардың жұмыс жоспарларына сәйкес барлық егіс алқабы облыс бойынша 540 мың га құрайды деп күтілуде. Біздің өңірдің климаттық жағдайында күздік дәнді дақылдар жаздық дәнді дақылдарға қарағанда орта есеппен гектарына 7-10 центнерден артық кепілді өнім береді. Кейінгі жылдары өңірімізде күздік дәнді дақылдар егісі ұлғайып келеді, мысалы 2019 жылы күздіктер егісі 70 мың гектар, 2020 жылы 80 мың гектар құраса, 2021 жылы 90 мың гектарды құрады, бұл 2020 жылғыдан 16 пайызға артық, – деді Сатқан Өмірзақов.
Сондай-ақ сала маманы тұқыммен қамту, ауыл шаруашылылығы техникаларының дайындығы мен жанар-жағармайдың жеткізілуі туралы баяндады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу