ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген өлкедегі біраз қыз келіншектермен, әйелдермен кездесті. Шырайлы шараға еңбек ардагерлері, ақжаулықты әжелер, көпбалалы аналар, ұстаздар, құқық қорғау органдары мен Ақ Жайық өңірінің атын әлемдік жарыстарда естіртіп жүрген жүлдегер – спортшылар, басқа да салада көш бастап жүрген қыз-келіншектер қатысты.
Аймақ басшысы мерекемен құттықтап, елдіктің жүгін ер-азаматтармен қатар көтеріп, адал еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс айтты. Сондай-ақ мемлекет тарапынан оларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Облыс әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың заңды әрі дәйекті жалғасы саналатын жаңа Конституция жобасына қатысты түпкілікті шешім шығаруда да әйелдер қауымы қалыс қалмайтынына сенім білдірді.
«Шаңырақтың шырағы, ұлттың тәрбиесі мен болашағының кепілі ретінде Сіздер де жалпыұлттық науқаннан тыс қалмай, қашанғыдай қоғамның тұрақтылығы мен дамуы үшін дауыс береді деп сенемін», – деді Нариман Төреғалиев.
Іс-шара барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті тақырыптарды ортаға салып, ой бөлісті. Ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Аймақ басшысы жиын соңында мемлекеттік және қоғамдық істе, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және әскери қызметке еңбегі сіңген ардагерлер мен қыз-келіншектерге алғыс хат табыстады.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Суретке түсірген М.Салықов.
Соңғы жаңалықтар
SARAP отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты
БҚО-да көші-қон қызметі 76 жастағы қарияға тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Кіру