«НҰРЛЫ ЖЕР»: ОРАЛДА СЕГІЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жыл аяғына дейін Оралда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сегіз тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Зашаған кентіндегі Саратов тас жолының бойы жыл санап жаңа көпқабатты үйлермен толығуда. Қазіргі уақытта да бұл ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды. Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 47-дақта салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйде ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту жұмыстары жасалуда. Мердігер компания – «Болашақ-Т» ЖШС қыркүйек айының орта шамасына дейін құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтамақ. Тұрғын үй құрылысына жергілікті үйқұрылысы комбинатында дайындалған темірбетонды панельдер қолданылуда.
– Құрылыс 2019 жылдың тамызында басталды. Қазір негізгі жұмыстар аяқтала келді, ішкі әрлеуді жүргізудеміз. Құрылыс басында 70 шақты азамат жұмыс жасауда, – деді учаске басшысы Жандос Айтмағамбетов.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан бұл үйге республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Мұнда жергілікті атқарушы органда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қоныстанады деп күтілуде. 198 пәтердің 81-і – бір бөлмелі, 99-ы– екі бөлмелі, 18-і – үш бөлмелі пәтерлер болмақ.
Үй құрылысы жұмыстары аяқталған соң ауласы абаттандырылып, қараша-желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Орал қаласы құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Алтай Молдағалиевтің мәліметінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 8 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олардың алтауы «Тұрғынүйқұрылыс жинақ» банкінің салымшыларына, екеуі жергілікті атқарушы органда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға ұсынылмақ.
Айта кетейік, бұған дейін, яғни маусым айында шаһарда «Нұрлы жер» бағдарламасымен екі үй тапсырылып, 284 отбасы баспаналы болғанын жазған едік.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу