Медицина саласының үздігі марапатталды
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген білікті мамандардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№6 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының балалар және босандыру жөніндегі орынбасары Бекматова Клара Наурызқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 2 наурыздағы №1 бұйрығына сәйкес «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Клара Наурызовна – медицина саласында 17 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Еңбек жолын 2008 жылы Тасқала аудандық ауруханасында педиатр дәрігері болып бастаған. Әр жылдары қалалық емханаларда, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында қызмет атқарып, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасында ана мен бала денсаулығын сақтау бағыты бойынша жұмыс істеді.
Бүгінде №6 қалалық емханада директордың балалар және босандыру жөніндегі орынбасары ретінде өңірдегі ана мен бала денсаулығын қорғау ісіне өз үлесін қосып келеді.
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Клара Наурызовнаны жоғары марапатымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейді.
“Жайық Үні”
Соңғы жаңалықтар
SARAP отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты
БҚО-да көші-қон қызметі 76 жастағы қарияға тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда

Кіру