КӨРЕРМЕН: «АР АЗАБЫН» КӨРІП, КӨЗІМЕ ЖАС АЛДЫМ»
Х.Бөкеева атындғаы қазақ драма театрында Тасқала аудандық халықтық театры қойған жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» пьесасын сахналады.

Ұлмекен Сұлтанғалиева, көрермен:
– Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылынан арнайы келдім осы кеш үшін. Ата-ананың бала тәрбиесінде жіберген қателігінің салдары ғой бұл қойылымда көрсетілгені. Шынайы оқиға. Бар ондай жағдайлар. Көре отырып, Науатты аяп, налып көзіме жас алдым. Бәлен жыл ұстаздық етіп, әкесінің жоқтығын білдірмей, тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген ұлының өмірін бір бойжеткеннің талқандауы көзімізге еріксіз жас әкелді. Өзіміз де ұл-қыз тәрбиелеп, немере-шөбере бағып отырмыз. Көбіне жастар үлгі алсын дейміз. Бірақ, бұл шығарма үлкендерге де ой салды. Сол күні зал толы көрермен мен секілді терең оймен кеткен шығар, бәлкім. Ұрпақтың тәрбиесін бір сәтке де бос жіберуге болмайтынын жеткізген қойылым болды.
Мені таң қалдырғаны кәсіби емес актерлардың образға шынайы еніп, үлкен шеберлікпен жеткізгендері. Осыдан 10 шақты жыл бұрын ауылымыздағы О.Исаев мектебінің ұжымы араққа салынған әкесінің кесірінен аяғынан айырылған баланың тағдыры туралы ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Қара пима» деген қойылымын сахналаған еді. Онда да көзіміздің жасын сыққанбыз. Біз шынын айтқанда осындай өнерге сусап қалыппыз. Тасқалалықтар ауылда да таланттар бар екенін көрсетті. «Ар азабын» көре отырып, осы пьесаны ауылдағы көршілерім, замандастарым да көрсе ғой деген ой тұрды менде. Облыс орталығында мәдениет қайнап жатыр. Ал ауыл-аймақта қойылымдар бола бермейді.
Осындай шығарманы дүниеге әкелген Мираға аналық жүрегіммен алғысымды айтамын. Қаламы ұштала берсін. Осындай мазмұнды, ұрпаққа берер тәрбиесі мол туындылары көп болсын. Ең бастысы дені сау болсын.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу