«JAIYQ FILM FEST» МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Орал шаһарында екі күнге созылған халықаралық «Jaiyq film fest» қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өз мәресіне жетіп, үздік кинотуындылар анықталды. 10 аталым бойынша марапатталған өнер туындыларының ішінде басты жүлдеге тәжікстандық режиссер Н.Шералидің «Обуза» қысқа метражды фильмі лайық деп танылды. Марапаттау салтанаты 17 қыркүйекте Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті.
Салтанатты кешті кинофестивальге әлемнің әр түкпірінен өз туындыларын жолдаған шығармашылық ұжымдар ZOOM әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде тамашалады.
Айта кетейік, кинофестивальге 100-ден астам өтінім түскен. Алдымен комиссия іріктеп, қазылар құрамы іріктеуден өткен 30 фильмді көріп, өз бағаларын берді. Салтанатты кеште отандық кино өндірісі саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы байқаудың қорытындысын жариялап, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз деп танылған фильмдерді атады.
«Үздік сценарий», «Үздік деректі фильм», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік қоюшы суретші» аталымдары бойынша үздіктер анықталды. Ал Оралдан ұсынылған екі фильмнің бірі – Аманат Рзағалиевтің «Нағашымның әңгімес» киносына «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» берілді. «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы украиналық «Бульмастив» фильмінің актері Евгений Ламахқа, «Үздік әйел адам бейнесі» Тәжікстанның киносы «Обуза» фильмінде ойнаған Саодат Сафароваға берілді. Сондай-ақ дәл осы фильм басты жүлде – «Үздік фильм» аталымына ие болды. Онлайн байланыс арқылы көріп отырған тәжікстандық шығармашылық ұжым қуаныштарын жеткізіп, фестиваль ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ осы фильм Қырғызстанда өтіп жатқан фестивальде де бас жүлдеге ие болған. Бір уақытта қос елдің жүлдесін алған фильм салтанатты марапаттау рәсімінен соң, Орал жұртшылығына көрсетілді.
Фестивальдің жабылу рәсімінде Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков киносүйер көрерменді рухани сусындатқан екікүндік кинофестиваль Жайық жұртшылығының есінде ұзақ сақталарына сенім білдірді.
– Осы екі күнде қала кинотеатрларында әр елден жолданған кинотуындылар көрсетіліп, оларға еліміздегі кино саласының танымал «жұлдыздары», қазақ елінің мақтаныштарына айналған тұлғалар өз бағаларын берді. Бұл – қаламыз үшін ерекше мереке болды. Себебі осы дүбірлі өнер кеші қазақстандықтардың ғана емес, әлемнің назарын аударып, олар екі күні бойы біздің шаһарымызға алыстан көз тігіп, бізбен бірге болды. Орал – тарихи қала, жасыл аймақ, әсем шаһар, қонақжай өлке. Оған қоса енді Орал – кино өнерінің орталығына айналып отыр. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш, – деді Абат Абайұлы.
Сондай-ақ қала басшысы кинофестивальдің құрметті қонақтарына алғыс хаттар табыстады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру

Пікір үстеу