ЕМХАНАЛАРДА САНИТАРЛЫҚ ПОСТТАР ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
10 қараша күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Әбдрахманова эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған шаралар туралы мәлімдеді.

Емханаларда науқастарды қабылдау e-gov порталы, мобильдік қосымша, тіркеу бөліміне телефон шалу арқылы жоспарлы түрде өтеді. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында емханаларда үш кіреберіс ұйымдастырылуда. Бірінші кіреберіс – температурасы жоқ, жоспарлы науқастарға, екінші кіреберіс – қызметкерлерге, үшінші кіреберіс – балаларға және жүкті әйелдерге.
Кіреберістерде арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген санитарлық посттар жұмыс жасайды. Емхана кіреберісінде келген науқасты адамға зиянсыз дезицил ерітіндісімен толығымен залалсыздандырылатын дезбарьер орналастырылған.
Аймақтың барлық медициналық ұйымдарында санитарлық посттар ашылды, мұнда температураны өлшейді және COVID-19-қа тән белгілердің болуын анықтайды.
Әрбір емханалардың жанында коронавирустық инфекцияға қатысты сұрақтарға жауап беретін жағдайлық орталықтар ашылды.
– Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына дене температурасының жоғарылауы, құрғақ жөтел, ентігу, кеуде қуысының қысылу сезімі, бас ауруы, диарея, жүрек айнуы, иіс пен дәмнің жоғалуы секілді аурудың белгілері пайда болған кезде үйде болуды және емханалардың ахуалды орталықтарында кеңес алуды сұраймыз. Медицина қызметкерлері сізге кеңес береді және жағдайға сәйкес дәрігерге қаралуды ұйымдастырады. Сондай-ақ, облыстағы барлық емханаларда мобильді топ жұмыс істейді, олар COVID-19 белгілері бар және пневмониямен, үйде созылмалы аурулары бар науқастар, сонымен қатар жүкті әйелдер мен балалар көрсеткіштері бойынша бақылайды. Мобильді бригадалар пациенттерді үйде ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар медициналық себептер бойынша және міндетті түрде ПТР-ға тест алынады, – деді Гүланар Мақсотқызы.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін және науқас адамдарды жедел анықтау мақсатында «109» CALL-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Өткен аптада 109 call-орталығына 2325 қоңырау келіп түссе, соның ішінде. COVID-19 инфекциясы бойынша – 799 қоңырау келген.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу