8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1381 0
Өзек

БҚО-ДА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ЖЕТКІЛІКСІЗ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев  өңірдегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы баяндап, негізгі мәселелерді шешуде атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді. 

Індетке қарсы барлық шаралар қолға алынып жатқанынан қарамастан, облыстағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз.

Облыс басшысының сөзінше, науқастарды емдеуде оттегі концентраторлары жетіспей отыр.

–  Аппараттардың бірнеше түрі бар. Біріншісі – өкпені жасанды желдету құрылғысы. Облыста  130 аппарат бар. Олар тек коронавирсқа қарсы күресте ғана емес, барлық ауруханаларда қолданылады. Коронавируспен ауырып жатқандардың 18-і осы жасанды желдету құрылғысына қосылған. Аурулар саны әлі де көбеюі мүмкін. Сол себепті қосымша ӨЖЖ құрылғыларын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазір оттегі концентраторлары жетіспей отыр. Өңірдегі бар 52 оттегі концентраторы науқастарды емдеуге қолданылуда. Мәселені шешу мақсатында демеушілер есебінен  оттегі концентраторларына тапсырыс берілді. Олар жақын күндері облысымызға жеткізіледі. Бұдан бөлек медицина қызметкерлері «Боброво» құрылғысын да емдеуде  қолданады. Бұл құрылғыларға да тапсырыс берілді. Оған қоса жергілікті кәсіпорындардың бірі осы құрылғыны шығаруды бастамақ,  – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Сондай-ақ облыс басшысы коронавируспен күресте  медицина қызметкерлерінің жетіспей жатқанын айтты.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
412 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»