8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2020 1406 0
Өзек

БҚО-ДА ОРМАН ӨРТІН СӨНДІРУ ЖАЛҒАСУДА

Оқиға орнынан мәлімдеме жасаған БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Ақылбек Ахметжанов  бүгін, 15  шілде күні өртті сөндіруге 100 адам, 10  техника жұмылдырылғанын айтты. Сондай-ақ  «ҚазАвиақұтқару» түкұшағы арқылы жоғарыдан 43 тоннадай су шашылған.

– Өртті толықтай сөндіруге  ауа-райының қатты ыстығы және секундына 15 метрге дейін соғып тұрған жел кедергі келтіруде. Жел  бағытының жиі ауысуы қиындық туғызып тұр. Өртті сөндіру жалғасуда, айналадағы елді мекендерге қауіп жоқ,  – деді Ақылбек Қосманұлы.

Айта кетейік, 13  шілдеде облыс аумағында найзағай түсуінен және ауа райының 41ºС-қа дейін көтерілуінен өрт тұтанып, екі күн бойы Жайықтың екі бетіндегі орман алқабын жалын шарпыған. Бұл IV дәрежедегі өрт қаупі екенін атап өткен жөн.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»