БҚО-ДА МОБИЛЬДІК КЛИНИКАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
БҚО-да тұрғындардың үйде кеңес алуы және емделуі үшін барлық амбулаторияларда мобильдік клиникалар ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтты.

– Медициналық кадрлардың жетіспеушілігіне және пневмонияның өсуіне байланысты біз науқастарды жоспарлы емдеуді уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Бұл, әрине басқа аурулармен ауыратын адамдарға медициналық қызметтерді уақытылы көрсетілуіне кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты тұрғындар үйде кеңес алу және емделу үшін мобильдік клиникалар барлық амбулаторияларда ұйымдастырылды. Сондай-ақ, барлық емханаларда телефон қонырауларды қабылдайтын орталықтар жұмыс істеуде, – деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.
Емханалардың нөмірлері www.stopcovid.kz сайтында орналастырылған. Облыс тұрғындары 109 нөміріне қоңырау шалып, емханалардың жұмысы туралы өз ұсыныстарын немесе шағымдарын білдіре алады. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық кеңес алу үшін де «109» нөміріне хабарласа алады. Операторлар тікелей жұқпалы аурулар дәрігерлері мен пульмонологтармен қосатын болады. Егер тұрғындар қандай да бір себептермен үйден шыға алмаса, еріктілер дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді жеткізуге көмектеседі. Ол үшін де «109» нөміріне қоңырау шалу керек.
Аймақтағы коронавирус туралы барлық ақпарат stopcovid.kz сайтында жарияланады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу