«ASIA MALL» САУДА ҮЙІНДЕ ТАҒЫ ДА ҰРЛЫҚ ТІРКЕЛДІ
Сауда үйіндегі бутиктердің бірінен қалың күрте ұрланған.

Оралқаласы полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 наурыз күні сағат 14.50 шамасында болған. Белгісіз тұлға «Азия Молл» сауда үйінде болып, төңіректе бейтаныс жандар жоғын бажайлап қарап, бір сауда бутигінен қалың күртеше ұрлаған. Дәл осы мезетте сауда жүргізіп отырған бутик иесіне 18 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген еді. Ірі сауда үйінде ұрлық орын алды деген жедел мәлімет ретімен оқиға орнына барған басқарманың кәсіби шебер, епті жедел уәкілдері күдікке іліккен азаматтың адымын алысқа ұзатпай құрықтады. Полиция қызметкерлері бұл 1983 жылғы М. есімді азаматтың бұған дейін бірнеше рет ұрлықққа жол беріп, бірнеше ұрлық деректерін қала ішіндегі ірі сауда үйлерінде жасағанын анықтады. Өзге қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, аталған сауда үйінде жыл басында 250 мың теңгеге бағаланатын тон қолды болған еді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу