8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2021 1693 0
Өзек

«ASIA MALL» САУДА ҮЙІНДЕ ҰРЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде ұрлық ізі суымай ашылды.


4 қаңтарда, шамамен сағат 14.00 мен 17.00 аралығында Орал қаласының тұрғыны, еш жерде жұмыс жасамайтын 1993 жылғы М. есімді азамат аталмыш сауда үйін еркін аралап жүріп, ұрлық жасап, оңай ақша таппақ болған. Осылайша ол сауда бутиктерін аралап жүріп, 2-қабаттағы бір сөреден қымбат тонды ұрлап, ілезде шығып кеткен.

Бутик иесі 1966 жығы Ш. есімді азаматшаға 250 мың теңгеге жуық материалдық шығын келген. Ұрлық тіркелді деген жедел мәлімет бойынша оқиға орынына барған жедел уәкілдер күдіктінің ізін алысқа ұзатпады. Бұл аң терісінен тігілген әйел адамның бағалы тонын басқа тұлғаға сатып үлгеріпті. Полиция қызметкерлері сатып алған тұлғаны да анықтады.

Бүгінгі күні күдікті ұрлық жасағанын толықтай мойындады. Орал қ.ПБ ұрлық фактісіне қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
355 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
376 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
353 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
394 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»