8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2019 2421 0
Қоғам

КӨРЕРМЕН: «АР АЗАБЫН» КӨРІП, КӨЗІМЕ ЖАС АЛДЫМ»

Х.Бөкеева атындғаы қазақ драма театрында Тасқала аудандық  халықтық театры қойған жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» пьесасын сахналады.

Ұлмекен Сұлтанғалиева, көрермен:

– Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылынан арнайы келдім осы кеш үшін. Ата-ананың бала тәрбиесінде жіберген қателігінің салдары ғой бұл қойылымда көрсетілгені. Шынайы оқиға. Бар ондай жағдайлар. Көре отырып, Науатты аяп, налып көзіме жас алдым. Бәлен жыл ұстаздық етіп, әкесінің жоқтығын білдірмей, тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген ұлының өмірін бір бойжеткеннің талқандауы көзімізге еріксіз жас әкелді. Өзіміз де ұл-қыз тәрбиелеп, немере-шөбере бағып отырмыз. Көбіне жастар үлгі алсын дейміз. Бірақ, бұл шығарма үлкендерге де ой салды.  Сол күні зал толы көрермен мен секілді терең оймен кеткен шығар, бәлкім. Ұрпақтың тәрбиесін бір сәтке де бос жіберуге болмайтынын жеткізген қойылым болды.

Мені таң қалдырғаны кәсіби емес актерлардың образға шынайы еніп, үлкен шеберлікпен жеткізгендері. Осыдан 10 шақты жыл бұрын ауылымыздағы О.Исаев мектебінің ұжымы араққа салынған әкесінің кесірінен аяғынан айырылған баланың тағдыры туралы ақын Ұлықбек  Есдәулеттің «Қара пима» деген қойылымын сахналаған еді. Онда да көзіміздің жасын сыққанбыз. Біз шынын айтқанда осындай өнерге сусап қалыппыз. Тасқалалықтар ауылда да таланттар бар екенін көрсетті. «Ар азабын» көре отырып, осы пьесаны ауылдағы көршілерім, замандастарым да көрсе ғой деген ой тұрды менде.  Облыс орталығында мәдениет қайнап жатыр. Ал ауыл-аймақта қойылымдар бола бермейді.

Осындай шығарманы дүниеге әкелген Мираға аналық жүрегіммен алғысымды айтамын. Қаламы ұштала берсін. Осындай мазмұнды, ұрпаққа берер тәрбиесі мол туындылары көп болсын. Ең бастысы дені сау болсын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»