С.ҒҰБАШЕВА: «ЕЛ-ЖҰРТПЕН БІРГЕ АВТОРДЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІК»
20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Тасқала ауданындағы мәдениет үйінің қызметкері Саягүл Ғұбашева Науаттың көршісі Ибаны сомдады.

– Кез келген ауылда, көшеде пыш-пыштап өсек айтып, әр іске тұмсығын сұғып жүретін әйелдер бар. Қойылымдағы менің кейіпкерім осындай көрші. Бұған дейін ауылдық Мәдениет үйінде жұмыс жасап, қаңтар айында аудан орталығына ауысып келген едім. Сол уақытта «Ар азабын» қоюға дайындық жүріп жатыр екен. Рөлдер бөлініп қойғандықтан, Иба апай болдым. Режиссердің айтуы бойынша өте пысық, зыпыңдаған, бәріне қызығушылық танытып жүретін, оны өзгелерге жеткізуге асығатын әйелдің бейнесін сомдадым. Бұл үшін жеңгейлердің, апайлардың кейпін алдым. Сахнадан соң өзімді одан бетер жеңіл сезіндім. Себебі, ел-жұртпен бірге автор Мира Шүйіншәлиеваның алғысына бөлендік, – дейді театрды тәрбие бесігі деп санайтын Саягүл Мақсотқызы.
Жазып алған: Е.АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу