8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 2120 0
Қоғам

А.СЕЙТМҰХАНОВА: «МАЙЖАННЫҢ РӨЛІН СҰРАП АЛДЫМ»

20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Айнагүл Сейтмұханова Майжанның рөлін сомдады. 

– Қаныш  Сәтбаев мектебінде бастауыш сыныптар бойынша тәрбие  ісінің меңгерушісімін. Осыдан он шақты жыл бұрын Мәдениет үйінде бірер жылдай еңбек еткенмін. Кейін ұстаздық қызметке ауысқаныммен, өнерден  қол үзбей келемін. Кәсіби әртіс болмасақ та, қойылымдарда ойнап жүрміз. Сахна – менің жан қалауым. Мектепте драма үйірмесін жүргізіп, шәкірттерімді де баулып отырамын.

Режиссеріміз қойылыммен алдын ала таныстырған кезде маған Ғаділбектің анасының рөлін берген еді. Бірақ, мен Ботаның  шешесі  Майжанның рөлін сұрап алдым. Бұл рөлді режиссер басқаларға ұсынған екен. «Айнагүл апа, ешкім  сомдағысы келмейді  бұл образды. Үйде өсіп келе жатқан қызыңыз бар, мұғалім бола тұра  шынымен Майжанды ойнауға қызығып тұрсыз ба?» деп қайталап сұрады. Мен «Өмірім бір бөлек, сахна бөлек әлем. Екеуін бір-бірімен салыстырмаймын, араластырмаймын» деп жауап бердім. Рөлді сомдау кезінде сәл-пәл қиындықтар болды. Өйткені, менің табиғатыма келмейді екен. Мен өмірде салмақты әр нәрсеге сабырмен қараймын. Ал Майжан –  кербез, ақшадан басқаны ойламайтын байдың әйелі. Дегенмен, образды сәтті алып шықтым деп ойлаймын. Әсіресе, қойылымның соңғы сәті көрермендерге ерекше әсер берген секілді.

Жазып алған Е.АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
103 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»