8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 1855 0
Қоғам

РЕЖИССЕР М.ЖҰМАҒАЛИЕВ: «АР АЗАБЫМЕН» ЕКІ АЙ «АУЫРДЫМ»

20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Қойылымның режиссері Мағжан Жұмағалиев осы шығарманы сахнаға қалай дайындалғаны туралы  айтып берген еді.  

 

– Ауылымыздағы кітапхана қызметкерлері жаңадан шыққан жақсы кітап бар деп, М.Шүйіншәлиеваның «Ар азабын» ұсынған болатын. Алдымен жолдасым оқыды, одан соң мен танысып шықтым. Оқи отырып, сахнаға шығару туралы ой келді. Толық оқып, мазмұнымен танысқаннан бастап осы шығармамен «ауырдым». Екі ай көлемінде жұмыстанып, үшінші айда сахнаға алып шықтық. Бұл менің алғашқы дайындаған үлкен жұмысым. Әрі бұрын ешкім сахналамаған, жерлесіміздің туындысы болғаннан кейін ықыласым ерекше болды. Рөлдерді бөліп, бас кейіпкер Ғаділбекті өзіме қалдырдым. Қойылымның сәтті шығуына труппаның көп көмегі тиді. Әр дайындықта ойға ой қосып отырды. Ақпан айында Тасқала аудандық Мәдениет үйінде сахналадық. Көрермен бірден жылы қабылдады, жақсы пікірлерін айтты. Біразға дейін ел аузында жүрдік. Кейбір апаларымыз  көрген  жерде: «Сол кеште көңілім босап, сахнаға шығып рахметімді айта алмадым» деп баталарын  берді. «Жақсы сөзге жан сүйсінеді» деген, еңбегіміздің ақталғанына шын қуандық. Облыс  орталығына осы  пьесамен  шақырған кезде абдырап, тосылып қалғанымыз рас. Өйткені рөлдерді ойнайтын әртістердің бәрі бірдей кәсіби актер емес. Әрі шығарма авторының алдында және облыстағы көрерменнің алдында ойнауға жүрексіндік.

Автор бұл туындысында қоғамның шындығын жазып шыққан. Сахнаға шығарғанда ықшамдалғанымен, жазушының әр адамның көкірегін оятардай, жүрегіне жеткізердей етіп жазған өткір сөздерін қысқартпауға тырыстық. Осы қойылымды көргендердің «Біздің баламыз қалай, қайда жүр? Кіммен араласады екен?» деген ой-сезімін оята алсақ – автордың да, біздің де мақсатымыздың орындалғаны. Өмірде болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамауымыз керек, – дейді Мағжан Жұмағалиев.

Жазып алған Е.АСХАТҚЫЗЫ

«АР АЗАБЫ» – ҚОҒАМНЫҢ БІТЕУ ЖАРАСЫ!

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»